J06AA06 Құтыруға қарсы сарысу¹ (Rabies serum)

Қолдану көрсеткіштері

Құтырмаға қарсы жедел пассивті иммунизация. Инфекция жұқтырған жануарлармен немесе құтырма болжамданған жануарлармен жанасқаннан кейін пациенттерде құтырманың алдын алу үшін қолданылады. Құтырмаға қарсы сарысу жекелей антирабиялық дәрілік зат болып табылмайды және құтырмаға қарсы вакцинамен бірге қолданылуы керек.Клиникалық хаттама:   1. Ересектердегі құтыру
    Клинические протоколы:
  1. Бешенство у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Емдік-алдын алу иммунизациясына қарсы көрсетілім жоқ, себебі иммунизация өмірлік көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Қауіпсіздік шаралары

Мамандандырылған медициналық мекемелерге арналған. Анамнезінде аллергиялық реакциялары немесе жылқы сарысуының компоненттеріне асқын сезімталдығы бар пациенттерге аса сақтықпен тағайындау керек. Сарысу тазартылу дәрежесінің жоғарылығына қарамастан, қолданар алдында міндетті түрде тері тестісін жүргізу ұсынылады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Жұқтырғаннан кейін иммундық сарысу мен вакцинаны бір мезгілде тағайындау керек. Вакцина дененің басқа бөліктеріне, егер мүмкін болса контрлатеральді енгізіледі. Сарысуды вакцинамен бір еккішке тағайындамайды. Емдік-алдын алу вакцинациясы курсын жүргізген уақытта басқа препараттармен вакцинация жүргізуге болмайды. Құтырмаға қарсы вакцинация аяқталғаннан кейін басқа вакциналармен егуді кем дегенде 2 айдан кейін ғана жүргізуге болады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Жүктілік

Құтырмамен байланысты өлім қаупін ескеріп, жүктілік кезеңі сарысуды тағайындау үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Емізу

Құтырмамен байланысты өлім қаупін ескеріп, лактация кезеңі сарысуды тағайындау үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Артериялық гипертензия, ентігу, аллергиялық бөртпемен жедел (анафилаксия) және баяу типтегі аллергиялық реакциялар, артериялық гипотензия, ентігу, қызба, бөртпе, қышу, есекжем, қабыну реакциясы, аденопатия (регионарлы лимфатикалық түйіндердің ұлғаюы), артралгия, инъекция орнының ауыруы, қызаруы, аздап ісінуі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Назначается сыворотка детям в одинаковой с взрослыми дозе - 40 МЕ/кг веса тела.При назначении препарата и выборе дозы обращайтесь к национальным стандартам по лечению, протоколам по лечению в специализированных лечебных учреждениях, а также к инструкциям по применению.