J06A05 Гангренаға қарсы қан сарысуы (Antigangrenous serum)

Қолдану көрсеткіштері

Газды гангренаны емдеу және алдын алу үшін.

Қауіпсіздік шаралары

 • Анафилактикалық шоктың дамуының  мүмкіндігін ескеріп, әрбір егілгенді сарысуды енгізгеннен кейін бір сағат ішінде медициналық бақылаумен қамтамасыз ету керек. Екпе жүргізілетін жерлер шокқа қарсы емнің  дәрілерімен қамтамасыз етілуі керек. Гангренаға қарсы қан сарысуын алған тұлғалар  сарысу құю ауруына ұқсайтын белгілер пайда болған жағдайда  медициналық көмекке жүгінуі туралы ескертілуі керек. • Бүтіндігі бұзылған  немесе таңбалануы жоқ ампуладағы, физикалық қасиеттері өзгерген (түсі, мөлдірлігі, ыдырамайтын жүзінділердің болуы), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, дұрыс сақталмаған гангренаға қарсы сарысуды  қолдануға болмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Сирек: анафилактикалық  шок және басқа дереу типтегі  аллергиялық реакциялар сондай-ақ ерте (2-6 тәулік) және кешірек (2-ші аптада) мерзімде білінетін, бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін созылатын сарысу ауруы симптомдары кешені (температураның жоғарылауы, тері бөртпесі, артралгиялар).

Балаларда қолданылуы

Бақыланатын клиникалық зерттеулер процесінде  препаратты 18 жасқа дейінгі  балаларда қолдану қауіпсіздігі тексерілген жоқ.