J05AH02 Осельтамивир¹ (Oseltamivir)

Қарсы көрсеткіштері

Осельтамивир фосфатына немесе кез келген препарат компонентіне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пробеницид - осельтамивир метаболитінің бүйректік секрециясының тежелуі және қан плазмасында оның концентрациясын айтарлықтай жоғарылатады.Бета-блокаторлар - QT интервалының ұзаруы және torsade de pointes дамуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі 60 мл/мин төмен болғанда дозасын таңдау ұсынылады (препарат нұсқаулығын қараңыз). Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде, тұрақты гемодиализдегі немесе креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен перитонеальді диализдегі пациенттерге қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: жүрек айнуы, құсу, бас ауыруы.Жиі: арқаның ауыруы, жөтел, мұрыннан қан кетулер, мұрынның бітелуі, назофарингит, бронхит, ортаңғы отит, синусит, бронх түйілуі, диарея, эпигастр маңының ауыруы, герпес, тітіркенгіштік, қажығыштық.Жиі емес: ұйқысыздық, аллергиялық реакциялар (дерматит), конъюнктивит, лифмоаденопатия.Сирек: жоғары сезімталдық реакциялары (дерматит, бөртпе, экзема, мульморфты эритема, анафилактикалық реакцияны қоса), Стивенс-Джонсон синдромы, асқазан-ішектен қан кету, гепатит, бауыр ферменттері деңгейінің артуы, құрысулар, делириозды жағдай, қозу.

Балаларда қолданылуы

Ішке, тамақтану кезінде немесе тамақтануға байланыссыз. Егер пациент капсуланы жұта алмаса, онда оның ішіндегісін қолайлы тәтті тамақ өнімінің (құрамында қанттың қалыпты болуымен немесе қантсыз шоколад шәрбаты, суға ерітілген бал, тәтті десерт, қантымен қоюлатылған сүт, алма езбесі немесе йогурт) шағын мөлшерінде (ең көп дегенде 1 шай қасық) ерітіп және бірден қабылдау керек. Тұмауды емдеуді симптомдар пайда болған бірінші немесе екінші күннен бастау керек. 1 жасқа дейінгі балалар: ұсынылған доза дене салмағына 3 мг/кг күніне 2 рет. Дене салмағы 10-15 кг 1 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: 30 мг күніне 2 рет; дене салмағы 15-23 кг: 45 мг күніне 2 рет; дене салмағы 23-40 кг: 60 мг күніне 2 рет. Дене салмағы 40 кг жоғары 13 жастан асқан балалар: ұсынылған доза 75 мг тәулігіне 2 рет 5 күн аралығында. Пандемия кезінде тұмаудың алдын алу. 1 жасқа дейінгі балалар: емдік дозаның жартысын (дене салмағына 3 мг/кг) күніне 1 рет. Дене салмағы 10-15 кг 1 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: 30 мг күніне 1 рет; дене салмағы 15-23 кг: 45 мг күніне 1 рет; дене салмағы 23-40 кг: 60 мг күніне 1 рет. Дене салмағы 40 кг жоғары 13 жастан асқан балалар: 75 мг тәулігіне 1 рет 10 күн аралығында.