J05AH01 Занамивир (Zanamivir)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен 5 жастан асқан балаларда А және В тұмауын емдеуде және профилактикасында.
    Клинические протоколы:
  1. Грипп и ОРВИ
  2. Грипп и острые респираторные инфекции верхних дыхательных путей у детей

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Препаратын қабылдаудан кейін сирек жағдайларда, оның ішінде анамнезінде бұдан бұрын аурулары болмаған пациенттерде бронх түйілуінің дамуы және/немесе тыныс алу функциясының нашарлауы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Препараты қан плазмасы ақуыздарымен байланыспайды және бауырда метаболизденбейді. Дәрінің клиникалық тұрғыдан өзара әрекеттесу мүмкіндігі аз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ұсынылған дозаларда бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде жүйелік әсердің жоғарылауы мүмкін, бірақ бұл дозаны өзгертуді қажет етпейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Препарат  метаболизденбейді, сондықтан дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

  Егер ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

 Егер ана үшін күтілетін пайдасы ұрық немесе нәресте үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек: аллергиялық типті реакциялар, анафилаксиялық және анафилактоидтық реакцияларды қоса есептегенде, бет және жұтқыншақ-көмей ісінуі, бөртпе, есекжем, терінің ауыр реакциялары, мультиформалы эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромын, уытты эпидермальді некролизді қоса есептегенде, қызба және сусыздану сияқты вазовагальді реакциялар, бронх түйілуі, ентігу.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Емдеу: 5 жастан асқан балаларға 5 күн бойы күніне екі рет  екі (2 х 5 мг) ингаляция  ұсынылады. Тәуліктік дозасы 20 мг құрайды.Профилактика: 5 жастан асқан балаларға 10 күн бойы күніне бір рет  2  (2 х 5 мг) ингаляция ұсынылады. Тәуліктік дозасы 10 мг құрайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді