A10AC01 Адам инсулині¹ (Insulin human)

Қарсы көрсеткіштері

Гипогликемия; инсулинге немесе препараттың басқа да компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Түзетілмеген гипо- немесе гипергликемиялық реакциялар естен тануға, комаға немесе өлімге алып келуі мүмкін. Талапқа сай емес дозаларды пайдалану немесе емдеуді тоқтату, әсіресе, инсулинге тәуелді диабеті бар пациенттерде өлімге алып келетін жағдайлар болып табылатын, гипергликемия немесе диабеттік кетоацидоз дамуына алып келуі мүмкін.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Глюкокортикоидтар, қалқанша безі гормондары препараттары, өсу гормоны, даназол, бета2-симпатомиметиктер (ритодрин, сальбутамол, тербуталин сияқты), тиазидті диуретиктер - инсулинге қажеттілікті арттырады.Пероральді гипогликемиялық препараттар, салицилаттар, кейбір антидепрессантар (МАО тежегіштері), кейбір ААФ тежегіштері (каптоприл, эналаприл), ангиотензин II рецепторларының блокаторлары, таңдамалы емес бета-адреноблокаторлар, этанол және этанолдан тұратын препараттар - инсулинге қажеттілікті төмендетеді.Соматостатин аналогтары (октреотид, ланреотид) инсулинге қажеттілікті төмендетуі/күшейтуі мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қандағы глюкоза концентрациясын бақылау және инсулин дозасын жекелей түзету қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Қандағы глюкоза концентрациясын бақылау және инсулин дозасын жекелей түзету қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қандағы глюкоза деңгейіне және жалпы денсаулық жағдайына мұқият мониторинг жүргізу қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Инсулин дозасын және/немесе тамақтану режимін түзету қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: гипогликемия, инсулин енгізген жердегі жергілікті аллергиялық реакция (қызару, ісіну мен қышыну).Сирек: липодистрофия.                                                               Өте сирек: инсулинге таралған аллергиялық реакция (бүкіл дене беткейінде бөртудің пайда болуы, тыныс алудың қиындауы, ысқырықты тыныс алу, артериялық қысымның төмендеуі, тамыр соғысының жиілеуі немесе тершеңдік).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда қолдану бойынша ақпарат жоқ.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді