J05AF06 Абакавир¹ (Abacavir)

Қолдану көрсеткіштері

Біріктірілген  антиретровирустық ем құрамында АИТВ –жұқпасын емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. ВИЧ-инфекция у взрослых
  2. ВИЧ-инфекция у детей
  3. Сексуальное насилие
  4. Сочетанная ВИЧ/ТБ инфекция

Қарсы көрсеткіштері

Абакавирге немесе  қосымша заттардың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

Қауіпсіздік шаралары

АИТВ инфекциясын емдеуде тәжірибесі бар мамандар жүргізуі тиіс. Абакавирді қабылдауды басқа диагноз қою (мысалы, тынысалу мүшелерінің аурулары, тұмауға ұқсас аурулар, гастроэнтерит немесе басқа да дәрілік заттарға реакциялар) мүмкіндігі болған жағдайда да  жоғары сезімталдық реакциясына күдіктенгенде тоқтату қажет. Абакавирден тұратын антиретровирусты терапия кезінде жүректің коронарлы ауруы дамуының алдын алу үшін гипертония, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу сияқты қауіп факторларын төмендетуге бағытталған сақтық шараларын қолдану керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолдану жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 изоферментінің индукторлары  (рифампицин, фенитоин, фенобарбитал)- абакавирдің қан плазмасында концентрациясының аз көлемде азаюы. Метадон- метадонның элиминациясының артуы, дозасын түзету қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен тағайындау керек, бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды кезеңінде қолдануға қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген

Жүктілік

Қарсы көрсетілген

Емізу

Қарсы көрсетілген

Жағымсыз әсерлері

Жиі: тәбеттің жоғалуы, бас ауруы, парестезиялар, тежелу,   шаршағыштық, апатия, жүрек айну, құсу,  диарея, іштің ауруы, ауыз қуысының сілемейлі қабығының жаралануы, бөртпелер (жиі макуло-папулезді немесе уртикарлы), қызба, демікпе, жөтел, тамақ ауруы, тынысалу жеткіліксіздігі;Сирек: панкреатит, перифериялық ісінулер, лимфаденопатия, лимфопения, артериалық гипотензия, конъюнктивит, анафилактикалық реакциялар;Өте сирек: полиморфтық эритема,  Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалдық  некролиз, миалгия, миолиз, артралгия,   креатинфосфокиназа және креатининнің  белсенділігінің жоғарылауы, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі.

Балаларда қолданылуы

Дене салмағы 25 кг асатын балалар:  ұсынылған доза тәулігіне 600 мг (300 мг (1 таблетка) 2 рет) немесе 600 мг (2 таблетка ) 1 рет тәулігіне). Ішуге арналған ерітіндіде: 300 мг (15 мл)  2 рет тәулігіне немесе 600 мг (30 мл) бір рет тәулігіне. 6 жастан төмен және 14 кг аз дене салмағындағы балаларға препаратты ішке қабылдауға арналған ерітінді ретінде қолдану ұсынылған.Дене салмағы 20- 25 кг аралығындағы балаларға: ұсынылған тәуліктік доза 450 мг (150 мг (таблетканың ½) таңертең және 300 мг (1 таблетка ) кешке немесе 450 мг (1 ½ таблетка  ) күніне бір рет.Дене салмағы 14- 20 кг аралығындағы балалар: ұсынылған тәуліктік доза 300 мг (150 мг (½ таблетка) күніне екі рет немесе 300 мг  (1 таблетка)  күніне бір рет қабылдаудан тұрады.Үш айға дейінгі балаларға қабылдау ұсынылмаған, себебі клиникалық тәжірибеде қолдануы шектеулі және жеткіліксіз.