J04AK01 Пиразинамид¹ (Pyrazinamide)

Қолдану көрсеткіштері

Біріктірілген ем сызбасының құрамында туберкулезді емдеу, соның ішінде өкпедегі және өкпеден тыс түрін, туберкулездік менингит, сүйек туберкулезі, несеп-жыныс мүшелерінің туберкулезі.
    Клинические протоколы:
  1. Туберкулез центральной нервной системы с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых
  2. Туберкулез центральной нервной системы с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
  3. Туберкулез органов дыхания у взрослых
  4. Туберкулез центральной нервной системы у детей с широкой лекарственной устойчивостью
  5. Внелегочный туберкулез с множественной лекарственной устойчивостью
  6. Внелегочный туберкулез с широкой лекарственной устойчивостью
  7. Туберкулез органов дыхания с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых
  8. Туберкулез органов дыхания с множественной лекарственной устойчивостью у детей
  9. Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
  10. Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у детей
  11. Сочетанная ВИЧ/ТБ инфекция
  12. Внелегочный туберкулез
  13. Туберкулез центральной нервной системы у детей с множественной лекарственной устойчивостью

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне жеке аса жоғары сезімталдық, жедел гастрит, асқазанның ойық жара ауруы, колит, қант диабеті, эпилепсия, психоздар, подагра.

Қауіпсіздік шаралары

Тек туберкулезге қарсы басқа дәрілермен бірге қолдану, монотерапия кезінде төзімділік өте жылдам дамиды! Емдеу кезінде ағзада несеп қышқылының іркілуі мүмкін. Сондықтан «бауыр» трансаминазаларының белсенділігін және қан плазмасындағы несеп қышқылының мөлшерін бақылаған жөн.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Аллопуринол, пробенецид, сульфинпиразон - гиперурикемия, пиразинамид әсерінен туындаған болуы мүмкін.Рифампицин, этамбутол - гепатоуытты әсердің дамуы ықтимал.Эстрогендер - контрацепция әсерінің төмендеуі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің бұзылысы кезінде қарсы көрсетілген. Ұзақ уақыт қабылдағанда жылдам дамитын гепатитпен бауырға уытты әсер етеді.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Гепатит, сарғаю, дене температурасының жоғарылауы, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, бас айналуы, подаграның өршуі, тәбеттің нашарлауы, диспепсиялық құбылыстар, жеңіл миалгия, тері бөртпесі, қышыну, аллергиялық дерматит, тері жабындарының эритемасы, пеллагра, порфирия, гипергликемия, аяқ-қолдың ісінуі, тромбоцитопения, дизуриялық бұзылулар, тізе және кәрі жілік буындарында орналасқан буын аурулары мен араласқан сипаттағы тері бөртпесінің пайда болуы түріндегі гепатобилиарлық жүйеге уытты әсері, диспепсиялық синдром, гепатомегалия, шеткері тамырлар бойының ауыруы және көктамырлардың ісінуі, эозинофиллия, ауыздың кермек татуы, көрудің бұзылуы, көру жүйкесінің невриті, эксфолиативті дерматит, мультиформалы эритема.

Балаларда қолданылуы

5 жас және одан асқан балалар: дене салмағына 15 мг/кг, 25 мг/кг асырмай. 5 жасқа дейінгі балаларға және дене салмағы 30 кг төмен балаларға қарсы көрсетілген.