J04AD01 Протионамид¹ (Protionamide)
Қолдану көрсеткіштері
Изониазидпен, рифампицинмен немесе 1-желідегі басқа да препараттармен емдеу тиімді болмағанда, тек басқа тиімді препараттармен біріктірілімде ғана 2-желідегі химиотерапия режимінде мультирезистентті туберкулез.
-
Клинические протоколы:
- Туберкулез центральной нервной системы с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез центральной нервной системы с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез центральной нервной системы у детей с широкой лекарственной устойчивостью
- Внелегочный туберкулез с множественной лекарственной устойчивостью
- Внелегочный туберкулез с широкой лекарственной устойчивостью
- Туберкулез органов дыхания с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез органов дыхания с множественной лекарственной устойчивостью у детей
- Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у детей
- Туберкулез центральной нервной системы у детей с множественной лекарственной устойчивостью
- Сочетанная ВИЧ/ТБ инфекция
Қарсы көрсеткіштері
Препаратқа жоғары сезімталдық, жедел гастрит, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, эрозивті-ойық жаралы колит, қант диабеті, эпилепсия.
Қауіпсіздік шаралары
Диабеті, алкоголизмі бар, депрессиясы немесе орталық жүйке жүйесінің аурулары бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Протионамидпен емделу кезінде орталық жүйке жүйесінің тежелу қаупіне байланысты алкоголь ішуге болмайды. Гипотиреоздың немесе зобтың даму қаупінің болуына байланысты қалқанша безінің функциясына жүйелі мониторинг жүргізу ұсынылады. Бөртпе немесе қызбамен бірге жүретін аса жоғары сезімталдықтың күрделі аллергиялық реакциялары дамыған кезде препаратты қабылдауды тоқтату.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Рифампицин - өлімге алып келуі мүмкін сарғаюмен гепатит туындауының жоғары қаупі.Изониазид - қандағы протионамид концентрациясының жоғарылауы.Алкоголь - психоздық реакциялар қаупі, орталық жүйке жүйесінің тежелуі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану. Шумақтық сүзілу жылдамдығы 30 мл/мин төмен пациенттерге және гемодиализде жүрген пациенттерге тәулігіне 250-ден 500 мг дейінгі дозада қабылдау.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген. Гепатоуытты, бауыр қызметін айына кемінде 1 рет бақылау керек.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: металл немесе күкірт дәмінің сезілуі, ауыздың құрғауы, сілекей бөлінудің жоғарылауы, анорексия, жүрек айнуы, сарысу трансаминазалары деңгейінің артуы. Жиі: бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, астения, парестезия, құсу, қыжыл, іштің ауыруы, тоқтық сезімі, диарея, іш қатуы, метеоризм, құлақ айналасындағы сілекей безінің ісігі, гепатит, сарғаю. Маңызды! Мұнда жағымсыз реакциялардың қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.