J01FF02 Линкомицин (Lincomycin)

Қолдану көрсеткіштері

Препаратқа сезімтал микроорганизмдер (ең алдымен Staphylococcus spp. және Streptococcus spp.), сондай-ақ пенициллиндерге төзімді микроорганизмдер туындатқан бактериялық инфекциялар, пенициллиндерге аллергия кезінде: сепсис, жеделге жуық сепсистік эндокардит, өкпе абсцессі, плевра эмпиемасы, плеврит, отит, остеомиелит (жедел және созылмалы), іріңді артрит, операциядан кейінгі іріңді асқыну, жаралық инфекция, пиодермия, фурункулез, флегмона, тілме қабыну.
    Клинические протоколы:
  1. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  2. Последствия рахита
  3. Лимфаденит челюстно-лицевой области
  4. Пневмония у детей
  5. Синусит (одонтогенный, перфоративный)
  6. Врожденные и приобретенные деформации позвоночника
  7. Гонартроз (педиатрия)
  8. Кисты костей у детей
  9. Коксартрозы (педиатрия)
  10. Контрактура сустава у детей
  11. Нарушение плотности и структуры кости (педиатрия)
  12. Дермоидная киста в области шеи
  13. Кисты в области рта, не классифицированные в других рубриках. Корневая киста
  14. Мукоцеле слюнной железы
  15. Острый гнойный периостит челюстей
  16. Острый одонтогенный остеомиелит челюсти
  17. Свищ слюнной железы
  18. Слюнокаменная болезнь (сиалолитиаз)
  19. Флегмона и абсцесс области рта
  20. Нарушение целостности кости оперативное лечение (педиатрия)
  21. Острый остеомиелит
  22. Поражение надколенника (педиатрия)
  23. Приобретенные деформации пальцев рук и ног (педиатрия)
  24. Сколиозы у детей
  25. Специфические поражения суставов (педиатрия)
  26. Хронический остеомиелит
  27. Хронический остеомиелит челюстей
  28. Врожденная деформация грудной клетки
  29. Врожденная деформация колена
  30. Врожденная мышечная кривошея
  31. Врожденная расщелина верхней губы и неба
  32. Врожденные костно-мышечные деформации
  33. Дефекты, укорачивающие верхнюю конечность
  34. Дефекты, укорачивающие нижнюю конечность
  35. Кривошея
  36. Остеохондродисплазия с дефектами роста трубчатых костей и позвоночника
  37. Полидактилия
  38. Вывихи предплечья
  39. Замещение костных дефектов длинных костей конечности, осложненное гнойной инфекцией
  40. Множественные (сочетанные) переломы лицевых костей и костей черепа. Сочетанная черепно-лицевая травма
  41. Ожоги у детей
  42. Открытые переломы верхних и нижних конечностей у детей
  43. Открытые раны челюстно-лицевой области
  44. Открытые травмы кисти и стопы у детей
  45. Отморожение у детей
  46. Перелом ладьевидной кости, костей запястья
  47. Перелом нижней челюсти со смещением отломков
  48. Травматические вывихи у детей
  49. Переломы костей голени
  50. Переломы, захватывающие несколько областей тела, у детей
  51. Последствия травм верхней и нижней конечности у детей
  52. Сочетанная травма у детей
  53. Травма мышцы и сухожилия на уровне запястья и кисти

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді және қосымша компоненттеріне және басқа да линкозамидтерге, клиндамицинге асқын сезімталдық; миастенияда миорелаксанттармен бірге қолдану.

Қауіпсіздік шаралары

Сақтықпен қолдану: терінің, ауыз қуысы, қынаптың шырышты қабатының зеңдік аурулары. 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтқанда - қант диабеті бар науқастарға сақ болу керек. Жалған жарғақшалы энтероколит белгілері (диарея, лейкоцитоз, қызба, іштің ауыруы, нәжіспен бірге қанның және шырыштың бөлініп шығуы) пайда болғанда, жеңіл жағдайларда препаратты тоқтату және ионды алмастыратын шайырларды (колестирамин) тағайындау жеткілікті, ауыр жағдайларда сұйықтықтың, электролиттердің және ақуыздың орнын толтырады, ванкомицинді - 10 күн бойы ішке, 0,5-2 г тәуліктік дозада (3-4 қабылдауға) немесе бацитрацинді қолданады. Көлік құралын немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақтық таныту керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Канамицинмен және новобиоцинмен бір еккіште немесе тамшылатқышта фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді. Ампициллинмен, барбитураттармен, теофиллинмен, кальций глюконатымен, гепаринмен және магний сульфатымен фармацевтикалық тұрғыдан үйлеспейді. Пенициллиндермен, цефалоспориндермен, хлорамфениколмен немесе эритромицинмен бірге - антагонизм, аминогликозидтермен бірге - синергизм. Миорелаксанттар (әсіресе парентеральді түрде енгізген кезде) - жүйке-бұлшықет бөгетін күшейтеді. Диареяға қарсы препараттар - линкомициннің әсерін төмендетеді. Есірткілік анальгетиктер және кодеин - тыныстың тоқтау қаупі артады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр бауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген (өмірлік көрсеткіштер бойынша қажет болған жағдайларды қоспағанда).

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: диспепсиялық құбылыстар, жүрек айнуы, құсу, абдоминальді ауырсынулар және эпигастрдың ауыруы, диарея, глоссит, стоматит.Жиі емес: трансаминазалар мен билирубин деңгейінің транзиторлық жоғарылауы.Сирек: нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, агранулоцитоз.Өте сирек: сарғаю, бауыр қызметінің бұзылуы, асқазан-ішек жолының шырышты қабықтарының кандидомикоздары, ұзақ қолданғанда жалған жарғақшалы колит, есекжем, бөртпе, мұрынның шырышты қабығының, конъюнктиваның ісінуі, эксфолиативтік және везикулездік дерматит, ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық шок, көп формалы эритема, көктамыр ішіне жылдам енгізгенде симпатоплегия (АҚ жылдам төмендеуі, бас айналуы, әлсіздік, қаңқа бұлшықеттерінің босаңсуы), көктамыр ішіне енгізгенде флебит, бұлшықет ішіне енгізгенде ауырсыну, асептикалық абсцесстер, тромбоцитопениялық пурпура, апластикалық анемия, панцитопения, бүйрек функциясының бұзылысы (азотемия, олигурия, протеинурия), құлақтағы шуыл, вертиго, несеп-жыныс жолының зеңдік инфекциялары, вагинит.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

1 айдан асқан балалар. Ауыр инфекциялар кезінде бұлшықет ішіне әр 12 сағат немесе 8 сағат сайын тәулігіне 10 мг/кг дозада тағайындайды. Көктамыр ішіне тамшылатып, тәулігіне 10-20 мг/кг дозада бір немесе бірнеше рет енгізуге болады.