J01FA03 Мидекамицин (Midecamycin)

Қолдану көрсеткіштері

Мидекамицин ересектер мен дене салмағы 30 кг-нан артық балаларға арналған:
- микоплазмалар, легионеллалар, хламидиялар және Ureaplasma urealyticum туғызған тыныс алу және несеп-жыныс жолдарының инфекцияларында,
- мидекамицинге және пенициллинге сезімтал бактериялар туғызған пенициллинге жоғары сезімталдығы бар пациенттердегі тыныс алу жолдарының, тері мен теріастылық инфекциялары және басқа да инфекцияларда
- Campylobacter текті бактериялар туғызған энтериттерде
- күл мен көкжөтелді емдеу және профилактикасы үшін
    Клинические протоколы:
  1. Скарлатина
  2. Коклюш

Қарсы көрсеткіштері

- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
– бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- 6 жасқа дейінгі балалар

Қауіпсіздік шаралары

Ұзық уақыт бойы емдеген кезде, әсіресе, бауыр функциясы бұзылған пациенттерде бауыр ферменттерінің белсенділігі қадағалануы керек.
Микробқа қарсы кез келген басқа препараттарды пайдаланғандағы сияқты, ұзақ емдеу төзімді бактериялардың шамадан тыс көбеюіне алып келуі мүмкін. Ұзақ уақытқа созылған диарея жалған жарғақшалы колиттің дамуын көрсетуі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Циклоспоринмен, варфаринмен бір мезгілде қолданғанда - олардың шығарылуы азаяды; эргот алкалоидтарымен, карбамазепинмен-олардың бауырдағы метаболизмінің қарқындылығы төмендейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігінде қарсы.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ұзақ мерзімді терапия кезінде бауыр ферменттерінің белсенділігін бақылау керек, әсіресе бауыр қызметі бұзылған науқастарда.

Жүктілік

Препаратты жүктілік кезінде тек, анасы үшін ықтимал пайдасы шаранаға төнетін қауіптен асып түсетін жағдайларда ғана пайдалану көрсетілген.

Емізу

Бала емізетін аналар Мидекамицин емделу кезінде бала емізуді тоқтатулары тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес (≥1/1 000 - <1/100 дейін)
- жүрек айнуы, тәбеттің төмендеуі, құсу, диарея және стоматит
Өте сирек (<1 / 10, 000)
- эозинофилия
- жалған жарғақшалы колит
- бөртпе, есекжем, қышыну
- трансаминазалар белсенділігінің артуы және сарғаю
Ауыр жағымсыз әсерлер туындаған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Жеке. Ересектерге ішке-орташа есеппен 400 мг 3 рет/тәулік; максималды тәуліктік доза - 1.6 г; балаларға - 2 рет тәулігіне 30-50 мг/кг. Ауыр инфекциялар кезінде қабылдау жиілігін тәулігіне 3 есеге дейін арттыруға болады. Емдеу ұзақтығы 7-14 күн.

Балаларда қолданылуы

Препарат 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналмаған.