J01DD08 Цефиксим¹ (Cefixime)

Қолдану көрсеткіштері

Цефиксим, ІІІ буынды цефалоспорин: грам-оң және грам-теріс бактериялардан туындаған инфекциялар (тек тыныс алу және несеп шығару жолдарының жедел инфекциялары), асқынбаған гонорея.
    Клинические протоколы:
  1. Брюшной тиф и паратифы у детей
  2. Диарея у детей. Затяжная диарея
  3. Бактериальные кишечные инфекции у детей
  4. Ветряная оспа у детей
  5. Гонококковая инфекция
  6. Муковисцидоз
  7. Адгезивный средний отит
  8. Отиты (у взрослых и у детей)
  9. Поражение уха и сосцевидного отростка после оперативного лечения на среднем ухе
  10. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  11. Искривление перегородки носа
  12. Острый и хронический синусит (у взрослых и у детей)
  13. Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
  14. Стеноз гортани
  15. Стеноз трахеи
  16. Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
  17. Приобретенная деформация носа
  18. Приобретенные деформации ушной раковины после травмы
  19. Ведение детей с пересаженной почкой
  20. Инфекция мочевой системы у детей
  21. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  22. Цистит и уретрит
  23. Кистозная болезнь почек у детей
  24. Инфекции мочевых путей при беременности, родах и послеродовом периоде
  25. Ожоги у детей
  26. Отморожение у детей
  27. Хронический гепатит В у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа аса жоғары сезімталдық (сонымен қатар басқа да β-лактамдарға), тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы; спецификалық емес ойық жаралы колит (капсула үшін); анамнезінде қан кетудің болуы, құсу және диареямен жүретін АІЖ ауыр аурулары (түйіршік үшін).

Қауіпсіздік шаралары

Диарея кезінде емдеуді тоқтату.                                                            Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пробенецид - көптеген цефалоспориндердің шығарылуын төмендетеді (қолданылуы мүмкін).                         Бактериостатикалық антибиотиктер (тетрациклиндер, хлорамфеникол) - антагонисттік әсер.                                    Варфарин және басқа да антикоагулянттар - антикоагулянттық әсерлердің жоғарылауы және қан кету дамуы мүмкін, әсіресе цефазолин және цефтриаксонмен бірге қабылдау аясында.Алкоголь - дисульфирамды реакциялар түріндегі уыттану дамуы мүмкін.                                                                       Аминогликозидтер - нефроуыттылықтың жоғары қаупі.       Күшті әсер ететін диуретиктер (этакрин қышқылы және фуросемид) - отоуыттылық күшейеді және бүйрек жеткіліксіздігі даму қаупінің жоғарылауы.Өзекшелік секреция блокаторлары - бүйрек арқылы шығарылу баяулайды, бұл артық дозаланудың симптомдарына алып келуі мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын креатинин клиренсінің мәніне байланысты түзету.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жалған жарғақшалы колитке дейінгі АІЖ тарапынан бұзылыстар; ОЖЖ тарапынан бұзылыстар (бас ауыруы, бас айналуы, құлақтағы шуыл, аса жоғары белсенділік, құрысулар); қанның зертханалық көрсеткіштерінің өзгеруі (эозинофилия, панцитопения, тромбоцитопения; креатинин, мочевина, билирубин, трансаминазалар, сілтілік фосфатазаның жоғарылауы; несептегі глюкоза және Кумбстың жалған оң реакциясы); тері бөртпелерінен Квинке ісінуі және Стивенс-Джонсон синдромына дейінгі аллергиялық реакциялар; суперинфекция; кандидоздар; гепато-билиарлы (гепатит, холестатикалық сарғаю) және бүйрек қызметінің бұзылыстары.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балалар. Ішке. 12 жастан асқан немесе дене салмағы 50 кг жоғары балалар: 400 мг 2 бөліп қабылдау немесе бірреттік. 12 жастан асқан немесе дене салмағы 50 кг төмен балалар: әрбір 12 сағат сайын, тәулігіне 2 бөліп қабылдау немесе бірреттік 8 мг/кг. 6 айға дейінгі балаларға (суспензия түрінде); 18 жасқа дейінгі балаларға (таблетка түрінде) тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.                                                                                        10 жастан асқан балалар: 200-400 мг тәулігіне 2-ге бөлінген дозада немесе бірреттік. 6 айдан асқан балалар: тәулігіне 2-ге бөлінген дозада немесе бірреттік 8 мг/кг немесе 6 айдан 1 жасқа дейін тәулігіне 75 мг; 1-4 жас: тәулігіне 100 мг; 5-10 жас: күн сайын 200 мг.                                                        Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.