J01DD01 Цефотаксим¹ (Cefotaxime)

Қолдану көрсеткіштері

Үшінші буынды цефалоспорин: грам-оң және грам-теріс микроорганизмдерден туындаған инфекциялар (интраабдоминальді инфекциялар, сүйек және буындардың инфекциялары, тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары, тыныс алу және несеп шығару жолдарының инфекциялары); гонорея; Haemophilus туындатқан менингит және эпиглоттит, хирургиялық алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Брюшной тиф и паратифы у детей
  2. Иерсиниоз
  3. Диарея у детей. Затяжная диарея
  4. Ботулизм
  5. Бактериальные кишечные инфекции у детей
  6. Псевдотуберкулез
  7. Столбняк
  8. Рожа
  9. Рожа у детей
  10. Менингит у детей и взрослых
  11. Конго-Крымская геморрагическая лихорадка
  12. Цитомегаловирусная инфекция у детей
  13. Ветряная оспа у детей
  14. Гонококковая инфекция
  15. Инфекционный мононуклеоз
  16. Корь у детей
  17. Краснуха
  18. Лептоспироз
  19. Листериоз
  20. Менингококковая инфекция
  21. Менингококковая инфекция у детей
  22. Микроскопическая декомпрессия структур спинного мозга с полной резекцией и фиксацией переднего и заднего опорного комплексов позвоночника
  23. Микрохирургические вмешательства на спинном мозге шейно-затылочной области со стабилизацией позвоночно-двигательных сегментов
  24. Сибирская язва
  25. Удаление опухолей спинного мозга с применением интраоперационной нейрофизиологической системы
  26. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  27. Болезнь Гоше
  28. Болезнь Помпе
  29. Адгезивный средний отит
  30. Поражение уха и сосцевидного отростка после оперативного лечения на среднем ухе
  31. Хроническая болезнь почек у взрослых
  32. Абсцесс легкого
  33. Искривление перегородки носа
  34. Медиастенит
  35. Ожоги у детей
  36. Абдоминальная травма
  37. Острый и хронический тонзиллит у детей
  38. Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
  39. Пневмония у детей
  40. Стеноз трахеи
  41. Эмпиема плевры у взрослых
  42. Гнойный (пиогенный) артрит
  43. Абсцесс печени
  44. Аутоимунный гепатит
  45. Ахалазия кардии
  46. Гастродуоденальный стеноз
  47. Отморожение у детей
  48. Мегаколон, долихоколон
  49. Механическая желтуха
  50. Острая мезентериальная ишемия
  51. Острый парапроктит
  52. Перитонит
  53. Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
  54. Хронический холецистит
  55. Цирроз печени у взрослых
  56. Приобретенная деформация носа
  57. Приобретенные деформации ушной раковины после травмы
  58. Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
  59. Изолированная протеинурия (педиатрия)
  60. Инфекция мочевой системы у детей
  61. Криз отторжения почечного трансплантата
  62. Мужское бесплодие. Азооспермия
  63. Нарушения, развивающиеся в результате дисфункции почечных канальцев (педиатрия)
  64. Орхит и эпидидимит у детей
  65. Послеродовый эндометрит
  66. Трансплантация почки у детей
  67. Хроническая трансплантационная нефропатия
  68. Хронический нефритический синдром у детей
  69. Цистит и уретрит
  70. Бактериальный сепсис новорожденного
  71. Врожденная пневмония
  72. Врожденные пороки развития легких у новорожденных
  73. Врожденный пузырно-мочеточниковый рефлюкс
  74. Кистозная болезнь почек у детей
  75. Пороки развития диафрагмы у новорожденных
  76. Инфекции мочевых путей при беременности, родах и послеродовом периоде
  77. Острый аппендицит
  78. Острый холецистит
  79. Ущемленная грыжа
  80. Хронический калькулезный холецистит

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа аса жоғары сезімталдық (сонымен қатар басқа β-лактамдарға), ырғақ жетекшісі анықталмаған жүрекішілік блокада, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, анамнезінде қан кету.

Қауіпсіздік шаралары

Педиатриялық тәжірибеде лидокаинді еріткіш ретінде қолдануға болмайды. Этанолды қолданбау. Кіші жастағы балаларға және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, спецификалық емес ойық жаралы колиті, анамнезінде аллергиялық реакциялары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет. 10 күннен аса қабылдау кезінде шеткергі қан көрсеткіштерінің мониторингі қажет. Орталық көктамырға жылдам болюсті енгізу кезінде өмірге қауіпті аритмиялар дамиды. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пробенецид - көптеген цефалоспориндердің шығарылуын төмендетеді (қолданылуы мүмкін).                                                             Бактериостатикалық антибиотиктер (тетрациклиндер, хлорамфеникол) - антагонисттік әсер.Варфарин және басқа да антикоагулянттар - антикоагулянттық әсерлердің артуы және қан кету дамуы мүмкін, әсіресе цефазолин және цефтриаксонмен бірге қабылдау аясында.Алкоголь - дисульфирамды реакциялар түрінде уыттану дамуы мүмкін.Аминогликозидтер - нефроуыттылықтың жоғары қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын креатинин клиренсі мәніне байланысты түзету.

Жүктілік

Қолданбау.

Емізу

Қолданбау.                                                                                                    Аз мөлшерде ана сүтіне енеді, қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Тері бөртпелерінен Лайелл синдромы және Стивенс-Джонсон синдромына дейінгі аллергиялық реакциялар; жалған жарғақшалы колитке дейінгі АІЖ тарапынан бұзылыстар; ОЖЖ тарапынан бұзылыстар (бас ауыруы, бас айналуы); бүйрек қызметінің бұзылысы (олигурия, анурия, интерстициальді нефрит); қанның зертханалық көрсеткіштерінің өзгеруі (эозинофилия, нейтропения, тромбоцитопения, "бауырлық" трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы, гемолитикалық анемия, гипокоагуляция, Кумбстың оң реакциясы және т.б.); суперинфекция.Жергілікті реакциялар: б/і енгізгенде, енгізген жердегі ауырсыну және инфильтрат, көктамыр ішіне енгізгенде - көктамыр жолындағы ауырсыну, флебит.                                                                                                Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балалар. Көктамыр ішіне (сорғалатып немесе тамшылатып) немесе бұлшықет ішіне (бұлшықетке терең). Инъекцияға арналған суда ерітеді. Инфузия үшін 0,9% натрий хлориді ерітіндісін немесе 5% декстроза ерітіндісін пайдаланады. 12 жастан асқан және дене салмағы 50 кг жоғары балалар: әрбір 12 сағат сайын 1 г. Ауыр инфекциялар кезінде әрбір 12 немесе 6, 8 сағат сайын 2 г. Ең жоғарғы тәуліктік доза 12 г. 2.5 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: 3-4 енгізуге бөлінген, тәулігіне 50-100 мг/кг.Балалар: 2-4 қабылдауға бөлінген, тәулігіне 100-150 мг/кг, ауыр жағдайларда тәулігіне 200 мг/кг.             Маңызды. Менингококкты инфекцияға немесе бактериальды менингитке (егер бөртпелер немесе септицемия жоқ болса) күдіктенген кезде, бензилпенициллин енгізуге қарсы көрсеткіші (мысалы, аллергияға байланысты) болған жағдайда және жедел түрде ауруханаға жатқызу мүмкіншілігі болмаған кезде ғана цефотаксимнің бір реттік дозасы енгізіледі. Көктамыр ішіне (немесе бұлшықет ішіне) 12 жастан асқан балаларға 1 г енгізіледі; 12 жасқа дейінгі балаларға - 50 мг/кг; егер пенициллиндерге немесе цефалоспориндерге анафилаксиясы болса хлорамфениколды қолдануға болады. 2.5 жасқа дейінгі балаларға тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.                    Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.