J01CR01 Ампициллин және бета-лактамаза тежегіші (Ampicillin and beta-lactamase inhibitor)
Қолдану көрсеткіштері
Жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциялары, соның ішінде синусит, ортаңғы отит және эпиглотит, бактериялық пневмониялар. Несеп жолдарының инфекциялары және пиелонефрит, құрсақішілік инфекциялар, соның ішінде перитонит, холецистит, эндометрит және кіші жамбас флегмоналары. Бактериялық септицемия, тері, жұмсақ тін, сүйек және буын инфекциялары, гонококктік инфекциялар, ота жасаудан кейінгі сепсистің алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Диарея у детей. Затяжная диарея
- Скарлатина
- Герпетический стоматит у детей
- Острый и подострый эндокардит (инфекционный эндокардит)
- Ветряная оспа у детей
- Корь у детей
- Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Морбидное ожирение. Метаболический синдром
- Адгезивный средний отит
- Поражение уха и сосцевидного отростка после оперативного лечения на среднем ухе
- Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
- Миокардиты
- Перикардиты
- Синдром грудного выхода
- Синдром хронической абдоминальной ишемии
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Искривление перегородки носа
- Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
- Пневмония у детей
- Стеноз гортани
- Стеноз трахеи
- Последствия термических и химических ожогов, отморожений, ран
- Тупая травма живота, открытые повреждения живота
- Острый холецистит
- Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
- Приобретенная деформация носа
- Приобретенные деформации ушной раковины после травмы
- Воспалительные заболевания органов малого таза (сальпингит, оофорит, сальпингоофорит)
- Осложнения, связанные с искусственным оплодотворением
- Послеродовый эндометрит
- Врожденные аномалии развития половых органов
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
- Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
- Ожоги поверхностные до 20% (взрослые)
- Ожоги у детей
- Отморожение у детей
- Отморожения у взрослых
- Сепсис
Қарсы көрсеткіштері
Ампициллинге, сульбактамға және басқа да бета-лактамдық антибиотиктерге жоғары сезімталдық; лидокаинге жоғары сезімталдық, инфекциялық мононуклеоз, лимфолейкоз.
Қауіпсіздік шаралары
Жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары емдеу курсы аралығында бақылануы мүмкін. Емдеу кезінде аллергиялық реакция туындаған жағдайда, препаратты қабылдау тез арада тоқтатылады.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Аллопуринол - терілік реакциялар даму қаупі артады.Аминогликозидтер тобының антибиотиктері - өзара инактивация.Антикоагулянттар - антикоагулянттар әсерін күшейтеді.Хлорамфеникол, эритромицин, сульфаниламидті препараттар мен тетрациклиндер - бір мезгілде қолдануды болдырмау.Эстрогеннен тұратын пероральді контрацептивтер - контрацептивті препараттар тиімділігінің төмендеуі.Метотрексат - метотрексат клиренсінің төмендеуі және оның уыттылығының артуы.Пробенецид - уыттылық қаупінің артуы.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі < 30 мл/мин немесе одан аз болса, онда дозаны азайту немесе препаратты қабылдау аралығын арттыру. Емшарадан кейін диализ кезінде қосымша доза тағайындау қажет. Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: инъекция орнының ауыруы, әсіресе бұлшықет ішіне енгізгенде; диарея, анемия, тромбоцитопения, эозинофилия, қан сарысуындағы АЛТ және АСТ аминотрансферазалардың қайтымды артуы, гипербилирубинемия, флебит.Жиі емес: бөртпе, қышыну, құсу, лейкопения, нейтропения.Сирек: жүрек айну, глоссит.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Көктамыр ішіне немесе бұлшықетке.Көптеген инфекцияларды емдеу: дене салмағы 40 кг және одан жоғары балалар әдетте ересектерге арналған дозаны қабылдай алады. Жаңадан туылған және дене салмағы 40 кг төмен балалар тәуліктік доза 150 мг/кг құрайды (ол 50 мг/кг/тәу. сульбактам және 100 мг/кг/тәу. ампициллинге сәйкес), бөлек дозада әр 6-8 сағат сайын енгізіледі. Жаңадан туылған нәрестелердің өмірінің алғашқы аптасында (әсіресе шала туылған) - тәуліктік доза 150 мг/кг құрайды, 12 сағаттық аралықпен 2 қабылдауға бөлінген. Назар аударыңыз! Қолдану тәсілі бойынша нұсқаулығына жүгініз. Сульбактам мен ампициллин біріктірілімін көктамыр ішілік енгізуге болады; біріктірілім дозасы, ампициллинді қолданудың қарапайым тәжірибесіне сәйкес есептеледі. 1 жас және одан асқан жаста қолдану үшін лицензияланады; алайда, 1 ай және одан асқан балаларға қолданылуы мүмкін деп есептелінеді.