H05BX02 Парикальцитол (Paricalcitol)

Қолдану көрсеткіштері

Гемодиализде жүрген, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердегі екіншілік гиперпаратиреозды емдеу және алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Хроническая болезнь почек у взрослых
  2. Хроническая трансплантационная нефропатия

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

D гипервитаминозы, гиперкальциемия, препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

ПТГ шамадан тыс супрессиясы қан сарысуындағы кальций деңгейінің жоғарылауын туындатады және сүйектердің метаболиттік ауруларына алып келеді. Пациенттерді қадағалау, қан плазмасындағы фосфор және кальций деңгейін бақылау, және препараттың дозасын жекелей титрлеу керек. Бас айналуы ықтималдығына байланысты көлік құралын және жоғары зейінді қажет ететін басқа да механизмдерді басқарудан бас тарту.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Дигиталис препараттары - дигиталисті уыттылықтың дамуы.Фосфаттар; құрамында D дәрумені бар препараттар - гиперкальциемия даму қаупі және Са х Р туындыларының жоғарылауы.Құрамында кальций бар препараттар; тиазидті диуретиктер - гиперкальциемия даму қаупінің жоғарылауы.Құрамында алюминий бар препараттар (мысалы, антацидтер, фосфорды байланыстыратын препараттар) - қандағы алюминий деңгейінің жоғарылау қаупі және алюминийдің сүйекке уытты әсер етуі мүмкін.Құрамында магний бар препараттар - гипермагниемия даму қаупі.Кетоконазол - парикальцитол концентрациясының жоғарылауы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің жеңіл немесе орташа бұзылыстарында дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Жүкті әйелдер үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Парикальцитол немесе оның метаболиттері аз мөлшерде ана сүтіне бөлінеді. Қабылдау қажет болған жағдайда бала емізу ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: гиперкальциемия, дисгевзия, бас ауыруы, асқазан-ішектен қан кету, диарея, іш қатуы, қызба, қалтырау, инъекция орнының ауыруы.Жиі емес: пневмония, тұмау, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, назофарингит, сүт безінің обыры, анемия, гипопаратиреоз, гипокальциемия, гиперфосфатемия, тәбеттің төмендеуі, цереброваскулярлық асқынулар, синкопе, миоклонус, бас айналуы, гипестезия, парестезия, делирий, психоз, қозғыштық, ұйқысыздық, ашуланшақтық, мазасыздық, конъюнктивит, жүректің тоқтауы, жүрекшелер тыпыры, жүрек қағуын сезіну, артериялық гипотензия, артериялық гипертензия, өкпе ісінуі, диспноэ, ортопноэ, жөтел, интестинальді ишемия, ректальді қан кету, құсу, іштегі жайсыздық, ауыздың құрғауы, алопеция, қатты қышитын бөртпе, қышыну, теріде күйдіру сезімі, терідегі көпіршіктер, артралгия, миалгия, буындар қимылының қиындауы, бұлшықеттің тартылуы, эректильді дисфункция, кеуденің ауыруы, жүрістің бұзылуы, ісіну, астения, әлсіздік, жағдайдың нашарлауы, аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, зертханалық көрсеткіштердің қалыптан ауытқулары, дене салмағының төмендеуі.Маңызды! Мұнда жағымсыз реакциялардың қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Препаратты балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді