H04AA01 Глюкагон (Glucagon)

Қолдану көрсеткіштері

Қант диабеті бар науқастарда инсулин инъекциясынан кейін туындайтын ауыр гипогликемиялық жағдайлар. Диагностикалық мақсатта асқазан-ішек жолы ағзаларына тексеру жүргізу кезіндегі моториканы бәсеңдету үшін.
    Клинические протоколы:
  1. Инсулома (инсулинома)
  2. Диабетическая фетопатия
  3. Кардиогенный шок

Қарсы көрсеткіштері

Глюкагонға немесе препараттың кез-келген басқа компонентіне жекелей жоғары сезімталдық, гипергликемия, феохромоцитома.

Қауіпсіздік шаралары

Глюкагон ұзақ уақыт бойы ашығатын немесе бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі бар пациенттерді, созылмалы гипогликемиясы немесе алкоголь қабылдаудан туындаған гипогликемиясы бар пациенттерді емдегенде тиімділігі аз немесе тиімсіз. Инсулиннің антагонисі болып табылады, және препаратты инсулиномамен, сондай-ақ глюкагономамен науқастарда қолданғанда сақ болу керек. Препаратты қант диабеті бар пациенттерде немесе жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы бар егде жастағы пациенттерде эндоскопиялық немесе радиографиялық емшараларды жүргізу кезінде сақ болу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Индометацин - глюкагонның терапевтикалық әсерінің төмендеуі. Варфарин - варфарин әсерінің күшеюі. Бета-адреноблокаторлар - тамыр соғысы жиілігінің және артериялық қысымның жоғарылауы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Қолданылуы мүмкін.

Емізу

Қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жүрек айнуы.Жиі емес: гипогликемия, құсу.Сирек: абдоминальді ауырсынулар.Өте сирек: жоғары асқын сезімталдық, анафилактикалық шок, гипогликемиялық кома, тахикардия, гипотензия, гипертензия.

Балаларда қолданылуы

Тері астына, бұлшықетке енгізу. Ауыр гипогликемия: дене салмағы 25 кг дейінгі балалар немесе 6-8 жасқа дейінгі балаларға 0,5 мг енгізеді; дене салмағы 25 кг жоғары немесе 6-8 жастан асқан балаларға: 1 мг.Диагностика үшін: қолдану ұсынылмайды, балаларда асқазан- ішек жолы моторикасын тежеудің тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.