H03CA Калий йодиді (Potassium iodide)
Қолдану көрсеткіштері
Йод тапшылығы ауруларының (мысалы, эндемиялық зоб және йод тапшылығынан зоб түзілуі алдын алуда) алдын алу. Жаңадан туылған сәбилердегі, балалардағы, жасөспірімдер мен ересектердегі йод тапшылығынан туындаған диффуздық эутиреоидтық зобты емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Узловой зоб у детей и подростков
- Тиреотоксикоз у взрослых
- Глоссодинии (Глоссалгии)
- Периодонтит хронический
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне, соның ішінде йодқа аса жоғары сезімталдық; манифестік гипертиреоз; йодтың тәулігіне 150 микрограмнан асатын дозаларын қолданғандағы латентті гипертиреодизм; қалқанша бездің уытты аденомасы, сондай-ақ, қалқанша бездің ошақтық және диффуздық автономдық бұзылыстары.
Қауіпсіздік шаралары
Емді бастар алдында пациентте гипертиреоз немесе түйінді уытты зоб барын, сондай-ақ (анамнезде) осы аурулардың болуын жоққа шығару қажет. Препараттың құрамында лактоза бар. Галактозаны көтере алмаушылықтың сирек тұқым қуалайтын түрімен, лактаза ауыр тапшылығы немесе глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромымен зардап шегетін пациенттерге калий йодидін қабылдауға болмайды. Препаратпен бір мезгілде қолданылатын тағам өнімдері мен тағамдық қоспалардағы йод мөлшерін ескеру қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Тиреостатикалық дәрілік заттар қалқанша бездің ішінде йодтың органикалық затттармен байланысты формаға айналуын тежейді және сондықтан зобтың түзілуін туындатуы мүмкін. Қалқанша безге сол «қармау» механизмі бойынша сіңетін заттар, йодид те, йодтың қалқанша безге сіңуін бәсекелестік механизмімен тежеуі мүмкін (мысалы, калий тиоцианаты немесе перхлорат, ол сондай-ақ қалқанша без ішінде йодтың рециркуляциясын бәсеңдетеді). Тежеу, мысалы, 5 мг/дл асатын концентрациядағы тиоцианат сияқты, өзі сіңбейтін дәрілік заттар тарапынан да болуы мүмкін. Қалқанша без гормондарының ішке шығарылуын бәсеңдететін йодтың жоғары дозаларымен және литий тұздарымен бір мезгілде емдеу зобтың және гипотиреоздың пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Калий йодидінің өте жоғары дозаларын калий сақтаушы диуретиктермен біріктіру гиперкалиемияға әкелуі мүмкін. Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Жүктілік
Ұсынылған доза тәулігіне 200 мкг йод.
Емізу
Ұсынылған доза тәулігіне 200 мкг йод.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек: аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, йод туындатқан ринит, буллезді немесе туберозды йододерма, эксфолиативті дерматит, ангионевроздық ісіну, қызба, акне және сілекей бездерінің ісінуі). Ересектерде зобты емдеу кезінде (тәуліктік дозасы 300-ден 1000 мкг йодқа дейін) йод туындатқан гипертиреоз дамуы мүмкін. Көптеген жағдайларда мұның алғышарты қалқанша безде диффузды немесе автономды шектеулі бөліктердің бар екендігі болып табылады. Әдетте егде жастағы адамдар, манифестті зобпен ұзақ уақыт зардап шегетін пациенттерде қауіпті.Жиілігі белгісіз: пероксидазаға анти-тиреоидты антиденелер (АТ-ТПО) аутоиммунды ауруларға бейім пациенттерде пайда болуы мүмкін.
Балаларда қолданылуы
Ішке, тамақтан кейін. Балаларға, оның ішінде жаңадан туылған балаларға препаратты алдын ала ұнтақтап және сүттің немесе судың аздаған мөлшерінде араластырып беру керек. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу: Емшектегі балалар, 2-12 жастағы балалар – тәулігіне 100 мкг йод. 12 жастан асқан балалар – тәулігіне 100-200 мкг дейін йод. Эутиреоидты зобқа байланысты жасалған операциядан кейін ауру қайталануының алдын алу немесе оны медикаментозды емдеу: тәулігіне йодтың 100-ден 200 мкг-ға дейін. Эутиреоидті зобты емдеу: Жаңадан туылған нәрестелер, балалар және жасөспірімдер – тәулігіне йодтың 100-ден 200 мкг-ға дейін. Жаңадан туылған нәрестелерде зобты емдеу үшін көптеген жағдайларда 2-4 апта жеткілікті; балаларда, жасөспірімдерде әдетте 6-12 ай немесе одан көбірек уақыт қажет. Препаратты қолдану ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.