H01CC01 Ганереликс (Ganirelix)

Қолдану көрсеткіштері

Қосымша ұрпақ өрбіту технологиясын қолдана отырып, бедеулікті емдеуге (стимуляциялануы бақыланатын овуляцияға қол жеткізуге бағытталған емдеу кезеңінде пациенттерде мезгілінен бұрын болатын овуляцияға жол бермеу үшін).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Құрғақ табиғи каучук латексті қоса, белсенді затқа немесе препараттың кез келген компонентке аса жоғары сезімталдық; ГнРГ немесе кез келген басқа ГнРГ аналогтарына жоғары сезімталдық;  постменопаузалық кезең.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Өткізіп алған инъекцияның орнын толтыру үшін препараттың екі еселенген дозасын енгізуге болмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес: енгізген жердегі реакциялар, олар әдетте инъекциядан кейін 4 сағаттан соң басылған,бас ауыруы, жүрек айнуы, естен тану, жалпы әлсіздік, аса жоғары сезімталдық реакциялары.Өте сирек: тіпті алғашқы дозаны енгізгеннен бастап өрбитін бөртпе, беттің ісінуі, ентігу, анафилаксия (анафилаксиялық шок), ангионевроздық ісіну және есекжемді қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары. Аналық бездер гиперстимуляциясы (АБГ) синдромымен байланысты байқалған басқа жағымсыз  әсерлері: іштің ауыруы, диарея, құсу, олигоурия, ентігу, жатырдан тыс жүктілік, өздігінен болатын түсік.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді