G04BE10 Аванафил

Қолдану көрсеткіштері

Эректильді дисфункция

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе қандайда бір қосымша затына жоғары сезімталдық; Артериялық қысымның жоғары немесе төмен болуы; тұқым қуалайтын торлы қабықтың дегенеративті бұзылыстары, соңғы 6 ай ішінде миокард инфарктісін, инсультті немесе өмірге қауіпті аритмиялар болса; тұрақсыз стенокардия.

Қауіпсіздік шаралары

Жыныс мүшесінің анатомиялық деформациялары бар (мысалы, қисаю, каверноздық фиброз немесе Пейрони ауруы) пациенттерге, немесе приапизмге бейім пациенттерге (орақ жасушалы анемиясы, көптеген миеломасы немесе лейкемиясы бар пациенттер сияқты) аванафилді сақтықпен пайдалану керек; қан кету ықпалы бар аурулар; он екі елі ішек пен асқазанның асқынған ойық жарасы; жүрек жетіспеушілігі, тұрақсыз стенокардия, соңғы 6 айда миокард инфаркты, инсульт немесе өмірге қаупті аритмия, артериялық гипертензия (АҚ > 170/100 мм.сын. бағ.ст.) немесе гипотония (АҚ < 90/50 мм сын.бағ.ст.). Жүрек аурулары белгілі бір қатер төндіреді, сондықтан кез келген емді бастар алдында жүрек-қан тамырлар жүйесін тексеру жүргізу керек. Альфа-адреноблокатор, нитриттер немесе нитраттар тобын қабылдайтын пациенттер сақтықпен қолдану керек. Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарған кезде сақ болу қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 ингибиторы (кетоконазол, эритромицин и циметидин сияқты) - аванафил клиренсінің төмендеуіне алып келеді.Ритонавир - аванафилдің максималді концентрациясының жоғарылауы, сонымен бірге AUC аванафилдің қан плазмасында жоғарылауына алып келеді. Ритонавирді аванафилмен бірге қолдануға болмады.Альфа-адреноблокаторды - сезімталдылығы жоғары пациентер үшін симптоматикалық артериялық гипертензияда сақтықпен қолдану керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Клиренс креатині 30 мл/мин төмен болса қолдануға болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Препаратты бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша С класы) пациенттерге қолдануға болмайды.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауыру; бетке қан кернеуі; мұрынның бітелуі;Сирек: астения; бас айналу; ұйқышылдық,дене жүктемесі кезінде ентігу; асқазандағы жайсыздық; бұлшықеттердің ширығуы; жүрек айну; ауру, жүрек қағуы, жүректің жиырылу жиілігінің артуы; респираторлы аурулар; көрудің бұлыңғырлануы, құсу.Өте сирек: акатизия; стенокардия; кеуденің ауыруы; іш өту, ауыздың кебуі; орынсыз эмоционалдық реакциялар; гастрит; гениталийдегі қышыну; подагра; гематурия; АҚ жоғарылауы; жоғары жұқтыру қаупі, тұмау тәрізді синдром; ұйқысыздық;жыныс мүшесі тарапынан бұзылыстар; перифериялық ісік; бөртпе, маусымдық аллергия; сексуальді дисфункция; тахикардия; несеп шығарудың жиілеуі, салмақ қосу.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.