G04BE09 Варденафил (Vardenafil)

Қолдану көрсеткіштері

Ересек ерлердегі эректильді дисфункцияны емдеу.

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясы (қисаю, кавернозды фиброз немесе Пейрони ауруы) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Жыныстық белсенділік кардиальді қауіптің белгілі бір дәрежесімен байланысты болғандықтан препаратты тағайындамас бұрын пациентте жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайын бағалау қажет. Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған басқа препараттармен бірге қолдану ұсынылмайды

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3А4 ферментінің тежегіштері (ритонавир, кетоконазол, эритромицин), нитраттар немесе азот оксиді донаторлары болып табылатын  препараттар - бір уақытта қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН!

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен болғанда бастапқы доза тәулігіне 5 мг құрайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметі бұзылыстарында бастапқы доза 5 мг құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас айналуы, вазодилатация, мұрынның бітелуі, диспепсия.Жиі емес: аллергиялық және ангионевротикалық ісіну, ұйқының бұзылуы, көрудің бұзылуы, құлақтың шуылдауы, тахикардия, ентігу, гастриттер, эритема, бел ауыруы, эрекцияның ұзаруы.Сирек: аллергиялық реакциялар, естен тану, амнезия, тырысулар, көзішілік қысымның жоғарылауы, артериялық гипертензия.Осы класс қосылыстарын қолдану кезінде (варденафилді қоса) приапизм (ұзақтығы 6 сағаттан жоғары ауырсынумен жүретін эрекция) және 4 сағаттан аса жүретін эрекциялар дамуы туралы сирек мәліметтер бар.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда қолдану көрсетілмеген.