A07BA01 Белсендірілген көмір (Medicinal charcoal)
Қолдану көрсеткіштері
Шығу тегі әр түрлі экзогенді және эндогенді уыттанулар кезінде уытсыздандыратын зат ретінде; тағамдық токсикоинфекция, сальмонеллез, дизентерияның кешенді емінде; дәрілік препараттармен (психотропты, ұйықтататын, есірткілік заттармен және т.б.), алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен және басқа да улармен уланған кезде; диспепсия, метеоризммен қатар жүретін асқазан-ішек жолы ауруларында; тағамдық және дәрілік аллергияда; ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулер алдында ішекте газдың түзілуін азайту үшін қолданылады.
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасының асқынуы; спецификалық емес ойық жаралы колит; асқазан-ішек жолынан қан кету; ішек атониясы.
Қауіпсіздік шаралары
Препаратты қабылдаған кезде нәжіс қара түске боялады. Егер емдеудің үшінші күнінен соң диарея сақталса, онда аурудың себептерін анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізілуі тиіс. Перфорацияға алып келетін, ішек бітелуінің даму қаупіне байланысты антиперистальтикалық әсері бар ем қабылдайтын пациенттерге қолдануға болмайды. Белсендірілген көмірді басқа дәрілік заттарды қабылдауға дейін немесе одан кейін кем дегенде 1-2 сағат аралықпен қабылдау керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Белсендірілген көмір бірге қабылданатын барлық дәрілік препараттар тиімділігін төмендетеді. Жартылай шығарылу кезеңі ұзаққа созылатын заттар (карбамазепин, фенобарбитал және дифенилсульфон) - бұл заттардың элиминация жылдамдығының артуы. Дигоксин – белсендірілген көмірді пероральді қабылдағанда дигоксин клиренсінің 5 есе артуы.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Созылмалы түрінде және креатининемия 0,4 ммоль/м тең және одан жоғары кезде.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ұзақ уақыт қабылдағанда (14 күннен аса) бауыр қызметі бұзылуы мүмкін.
Жүктілік
Қолданылуы мүмкін.
Емізу
Қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Іштің қатуы, диспепсия, жүрек айнуы, құсу, іштің өтуі; АІЖ-нан сіңірілудің төмендеуі (майлардың, ақуыздардың, дәрумендердің, гормондардың), геморрагиялар, гипогликемия, гипокальциемия, гипотермия, гипотензия; ауыз қуысы шырышты қабатының кандидозы; дисбактериоз.
Балаларда қолданылуы
Ішке, 6 жастан асқан балалар: 1-3 капсуладан күніне 2 рет. Жедел уланулар және жедел панкреатиттерде: 1-3 капсуладан күніне 2-3 рет. Жоғары бір реттік дозасы - 3 капсула, жоғары тәуліктік дозасы - 9 капсула. Удың сіңірілуін азайту. 6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген (капсулалар).Ішке: жаңадан туылған балаларға, сәбилерге немесе балаларға 1 г/кг құрайды (50 г жоғары емес), бір реттік доза ретінде. Улармен уланғаннан кейін мүмкіндігінше тезірек қабылдау керек. Уды белсенді жою үшін. Ішке: жаңадан туылған балаларға, сәбилерге немесе балаларға 1 г/кг құрайды (50 г жоғары емес), әр 4 сағатта. Іш айдайтын заттарды су-электролиттік бұзылыс қаупіне байланысты белсендірілген көмір дозасын қайталауымен бір мезгілде қолдануға болмайды.