G03GB02 Кломифен (Clomifene)
Қолдану көрсеткіштері
Жүкті болу мақсатымен ановуляторлық циклмен әйелдерде овуляцияны стимуляциялауда.Овуляторлық циклдің расталған бұзылуы бар пациенттерге ғана қолдануға болады.
-
Клинические протоколы:
- Дисфункция яичников
- Женское бесплодие
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық, аналық без кистасы, гипофиз функциясының төмендеуі, қалқанша бездің немесе бүйрекүсті бездері функциясының бұзылуы, шығу тегі белгісіз метроррагия, көрудің бұзылулары, гормонға тәуелді ісіктер, аналық бездер дисгенезі, менопауза немесе емге жауап күтуге болмайтын кез келген жағдай.
Қауіпсіздік шаралары
Емдеуді бастар алдында пациент әйелді мұқият гинекологиялық тексеру керек. Дене салмағының төмендігімен байланысты бедеулікте кломифен бірінші таңдалатын препарат болып табылмайды, одан басқа, бұл препарат ерте менопаузада байқалатын ФСГ жоғары деңгейіне әсер етпейді. Препаратпен емдеуде аналық бездердің үлкеюі мүмкіндігі қаупінің алдын алу мақсатында емнің жақсы нәтижесіне қол жеткізуге жеткілікті ең төмен дозаларды қолдану керек. Пациент әйелдерге нүктелік немесе жыпылықтағыш скотома типімен көрудің бұзылуы немесе көрудің бұлыңғырлануының даму мүмкіндігі туралы ескерту керек. Бұл бұзылулар препаратпен емдеу кезінде немесе ем аяқталғаннан кейін көп ұзамай дамуы мүмкін. Кломифен қабылдаған жатыр миомасы бар пациент әйелдерді тексеруді миоманың ары қарай өсу мүмкіндігіне байланысты сақтықпен жүргізу керек. Препарат құрамында лактоза бар. Препаратты лактозаны көтере алмаушылығы бар пациенттерге тағайындағанда осыны ескеру қажет. Препаратты галактозаға және лактозаға төзімділіктің тұқым қуалайтын сирек бұзылуы және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге тағайындамау керек.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Кломифен препаратының дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Сақтықпен қолдану.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: вазомоторлық қан құйылулар, аналық бездердің үлкеюі.Жиі: бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, метеоризм, көрудің бұзылуы (бұлыңғыр таңбалар немесе таңбалар түрінде жарықтар, көзде қозғалыстағы жарықты сезіну - сцинтилляциялайтын скотомалар деп аталады, қалдық бейне), сүт бездеріндегі жайсыздық сезімі және ауыруы, жатырдан ациклдық қан кету, меноррагия.Жиі емес: депрессия, бас айналуы, вертиго (айналу сезімі), жүйке ширығуы, ұйқысыздық, шаршағыштық.Сирек: катаракта, көру жүйкесінің невриті, құрысу ұстамалары.Жиілігі белгісіз (бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес): гормонға тәуелді немесе гормондармен байланысты жаңа түзілімдер/ісіктер, аналық бездердің ісіктері, аллергиялық реакциялар, гипертриглицеридемия, скотомалар, фосфендер, көру қабілеті жітілігінің төмендеуі, параноидты психоз, синкопальді жағдайлар, ми қанайналымының жедел бұзылуы, ми тамырларының тромбозы, жүйке жүйесі функциясының бұзылуы, бағдардан адасу, сөйлеудің бұзылуы, панкреатит, бауыр функциясының бұзылуы (бромсульфалеин сынамасы нәтижелерінің өзгеруі, сарғаю), тахикардия, жүректің қатты соғуы, есекжем, дерматит, бөртпе, шаштың түсуі (алопеция), көпформалы эритема, экхимоздар, ангионевроздық ісіну, көп ұрықты жүктілік, жатырдан тыс және жатырлық жүктіліктің ұштасуы, жатырдан тыс жүктілік, эндометриоз, эндометриоз ағымының нашарлауы, эндометрий қалыңдығының жұқаруы, аналық бездердің айтарлықтай үлкеюі, аналық бездердің гиперстимуляциясы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.