G03GA06 Фоллитропин бета (Follitropin beta)

Қолдану көрсеткіштері

Әйелдерде: ановуляция (кломифен цитратымен емдеуге сезімтал емес аналық бездердің поликистозды синдромын қоса); суперовуляция индукциясында, жасанды ұрықтандыру жасалғанда фолликулдардың көптеп дамуын индукциялау үшін (мысалы, ЭКҰ/ЭА, ЖІИ және СИЦИ әдістемелерінде).Ерлерде: жыныс бездері функциясының төмендеуі салдарынан болатын сперматогенез жеткіліксіздігінде. Клиникалық хаттама:   1. Әйел бедеулігі
    Клинические протоколы:
  1. Женское бесплодие

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; аналық бездің, жатыр, сүт безінің; гипофиз және гипоталамустың ісіктері; біріншілік гонадалы жетіспеушілік; шығу тегі белгісіз қынаптан және жатырдан қан кетулер; аналық бездердің поликистозды синдромымен байланысты емес, аналық жыныс бездерінің кисталары немесе ұлғаюы; жүктілікпен үйлеспейтін жыныс мүшелері анатомиясының бұзылысы; жүктілікпен үйлеспейтін жатыр миомасы.

Қауіпсіздік шаралары

Овуляцияны индукциялау көпұрықты жүктіліктің даму қаупін арттырады. Қосымша репродуктивті технологияларға жүгінген әйелдерде эктопиялық жүктіліктің аса жоғары қаупі бар. Жасанды ұрықтандыруда жүктілікті ерте тоқтату қаупі, туа пайда болған ақаулардың жиілігі, табиғи ұрықтандыруға қарағанда жоғары. Аналық бездердің гиперстимуляция синдромы қаупін азайту үшін қан сарысуындағы эстрадион деңгейін анықтаумен бірге, фолликулалардың өсуін үнемі УДЗ арқылы бақылау керек. Тромбоздар даму қаупі тобындағы әйелдер овуляция индукциясының сәтті өту және тромбоэмболия даму қаупінің ықтималдылығын салыстыру қажет, сонымен қатар, жүктілік тромбоэмболия қаупін жоғарылатынын ескеру қажет. Бедеулікті емдеудің бірнеше курстарын қабылдаған әйелдерде қатерлі және қатерлі емес, аналық бездердің немесе репродуктивті жүйенің басқа да мүшелерінің ісіктері болуы мүмкін.Ерлерде фолликуланы ынталандырушы гормонның эндогенді деңгейінің жоғарылауы біріншілік тестикулярлы жеткіліксіздікті көрсетеді. Бұл пациенттер ХГ терапияға жауап бермейді.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Кломифен - бірге қабылдаған кезде аналық без реакциясының күшеюі. Басқа дәрілік заттармен фармацевтикалық тұрғыдан үйлесімсіз. 

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Ана сүтіне ену мүмкіндігі туралы деректері жоқ. Сүт өнімділігіне әсер етуі мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Әйелдерде жиі: бас ауыруы; іштің ауыруы, іштің кебуі; жамбастың ауыруы, аналық бездердің гиперстимуляциясы синдромы; инъекция орнындағы реакциялар.Сирек: іштің қатуы, диарея, жүрек айнуы, сүт бездеріндегі жайсыздық; жатырдан қан кету, аналық бездің кистасы, аналық бездің ұлғаюы, аналық бездердің деформациясы, жатырдың ұлғаюы, қынаптан қан кетулер; жоғары сезімталдық реакциялары (эритема, есекжем, бөртпе, қышыну); эктопиялық жүктілік, түсік, көпұрықты жүктілік; тромбоэмболия.Ерлерде: бас ауыруы; безеу, бөртпе; эпидидимальды киста; гинекомастия; инъекция орнындағы инфильтрат.

Балаларда қолданылуы

Балаларда қолданылмайды.