G03GA05 Фоллитропин альфа (Follitropin alfa)

Қолдану көрсеткіштері

Кломифен цитратын қолдануға сезімтал болмаған әйелдердегі ановуляцияда (аналық бездердің поликистозды синдромын қоса).Суперовуляция аясында экстракорпоральды ұрықтандыру (IVF), фаллопиев түтігіне гаметаны трансферлеу (GIFT) және фаллопиев түтігіне зиготаны трансферлеу (ZIFT) сияқты репродукцияның қосымша технологияларын (РҚТ) жүргізу алдында, пациенттердің көптеген фолликулаларының дамуын ынталандыру.Лютеинизирлейтін және фолликулаларды ынталандыратын гормондар секрецияларының ауыр жеткіліксіздігі бар әйелдерде фолликулалардың дамуын ынталандыру (лютеинизирлейтін гормон препараттарымен (ЛГ) біріктірілімінде).Еркектердегі туа біткен немесе жүре пайда болған гипогонадотропты гипогонадизм жағдайындағы сперматогенезді ынталандыру (адамның хориондық гонадотропині (аХГ) препаратымен біріктірілімінде).Клиникалық хаттама:   1. Әйел бедеулігі
    Клинические протоколы:
  1. Женское бесплодие

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық; гипофиз немесе гипоталамус ісіктерінде; поликистозды аналық бездері синдромымен байланыссыз, аналық бездердің немесе кистаның ұлғаюы; этиологиясы белгісіз гинекологиялық қан кетулерде; аналық бездердің, жатыр немесе сүт бездерінің карциномасында.

Қауіпсіздік шаралары

Әйелдерде жатырдан тыс жүктілік даму қаупінің жоғарылауы, МАҢЫЗДЫ, ультрадыбыстық зерттеу арқылы жатырдан тыс жүктілікті барынша ертерек растау керек. Фолликулалар дамуының ультрадыбыстық бағалануы және эстрадиол деңгейінің анықталуы емдеуге дейін, сонымен қатар барлық емдеу курсы кезінде тұрақты аралықтармен жүргізілуі тиіс. Жағымсыз овариальді гиперстимуляция дамыған жағдайда, ФЫГ емдеуді дереу тоқтату керек, сонымен бірге аналық без гиперстимуляциясы синдромының (АГС) дамуы мүмкіндігіне байланысты, аХГ енгізуді тоқтату керек. Адам фолликулоынталандырушы гормонына жоғары сезімталдық реакциялар жағдайлары тіркелмеген, бірақ анафилактикалық реакциялардың даму мүмкіндігі бар. Бірінші ФЫГ инъекциясы қатаң медициналық бақылаумен жүргізілуі тиіс.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Фолликула ынталандырушы гормонның белсенділігі жойылуын болдырмас үшін басқа дәрілік заттармен араластырмаған жөн.Кломифен - аналық бездің жауаптық реакциясының күшеюі.Гонадотропин-рилизинг-гормондарының аналогтары - аналық бездің жауаптық реакцияларының төмендеуі.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Әйелдерде: бас ауыруы; жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі жергілікті реакциялар, ауыруды, қызаруды, гематоманы, ісінуді, тітіркенуді қоса; абдоминальді ауырсыну, құрсақ қуысының созылуы мен жайсыздық сезімі, жүрек айнуы, құсу, диарея; аналық бездердің кистасы, ауырлығы жеңілден ауыр дәрежесіне дейін (қатар жүретін симптомдарды қоса) аналық бездердің аса жоғары стимуляциялану синдромы (АБАСС).Сирек: АБАСС-ның ауыр түрінің асқынулары.Өте сирек: анафилактикалық реакциялар мен шокты қоса, ауырлығы жеңілден ауыр дәрежесіне дейінгі жоғары сезімталдық реакциялары; демікпенің нашарлауы және өршуі; әдетте, ауыр АБАСС-мен байланысты тромбоэмболия.Еркектерде: инъекция жасалған жерде ауыруды, қызаруды, гематоманы, ісінуді, тітіркенуді қоса, ауырлығы жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі реакциялар; акне; гинекомастия, варикоцеле; дене салмағының артуы.Өте сирек: жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі жергілікті реакциялар, анафилактикалық реакция мен шокты қоса; демікпенің нашарлауы немесе өршуі.

Балаларда қолданылуы

Балаларда қолданылмайды.