G03GA01 Хориондық гонадотропин х (Chorionic gonadotropin)
Қолдану көрсеткіштері
Әйелдерде: ановуляция немесе фолликулалар жетілуінің бұзылуы себебінен ұрпақ өрбіту функциясы жеткіліксіздігінде овуляцияны стимуляциялауға; аналық бездерді аса жоғары стимуляциялаудың бақыланатын бағдарламаларында фолликулаларды пункцияға дайындауда (медициналық жағдайларда жүргізілетін ұрпақ өрбіту қосымша технологияларын қолданған кезде); эндогенді эстрогендік белсенділік болмағанда ановуляциямен байланысты бедеулік кезінде (ДДСҰ бойынша 1 топ) бір уақытта немесе овуляцияны индукциялағаннан кейін гонадотропин-рилизинг-гормон аналогтарын пайдалану арқылы аналық бездерді бақыланатын гиперстимуляциялаудан өткен пациент әйелдерде лютеин фазасын демеуде (медициналық жағдайларда жүргізілетін қосымша ұрпақ өрбіту технологиялары бағдарламасында).Ерлерде: гипогонадотроптық гипогонадизмде; идиопатиялық дисспермиямен байланысты ұрпақ өрбіту функциясының бұзылуында; гипофиздің гонадотроптық функциясы жеткіліксіздігі салдарынан жыныстық жетілу іркілісінде; анатомиялық обструкциялармен байланысты емес крипторхизмде.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Әйелдер мен ерлер үшін: белсенді затқа немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; осы уақытта аналық бездерде, сүт бездерінде, жатырда, ерлердің жыныс бездерінде, простатада, гипофиз немесе гипоталамуста ісіктің болуы немесе соған күдіктенгенде; бастапқы гонадал жеткіліксіздігі. Әйелдер үшін қосымша: жүктілікпен үйлеспейтін ұрпақ өрбіту ағзаларының даму ақаулары; жүктілікпен үйлеспейтін жатырдың фиброздық ісіктері; аналық без кисталары немесе поликистозды аналық без синдромымен (ПКАС) байланысты емес аналық бездердің ұлғаюы; шығу тегі белгісіз/себебі диагностикаланбаған аномальді (етеккірмен байланысты емес) қынаптық қан кетулер.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
• Жайылған және жергілікті аса жоғары сезімталдық реакциялары дамығаны туралы хабарланған; анафилаксия және Квинке ісінуі. • Бақыланбайтын гонадтық эндокринопатияның (мысалы, қалқанша бездің, бүйрек үсті немесе гипофизарлық бездің функциясы бұзылыстары) бар-жоғын анықтау керек және тиісінше ем тағайындау керек.• Дене салмағын азайту үшін қолдануға болмайды. АХГ май метаболизміне, май тіндерінің таралуына және тәбетке әсер етпейді. Препаратты қабылдағаннан кейін 10 күн ішінде ол қан сарысуы мен зәрдегі хорионикалық гонадотропин деңгейін иммунологиялық анықтау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін, бұл жалған-оң жүктілікті анықтауға әкеледі.Әйелдер үшін Гонадотроптық препараттармен овуляцияны стимуляциялағаннан кейін туындайтын жүктілік кезінде көп ұрықты жүктіліктің болу қаупі жоғары. Қосымша ұрпақ өрбіту технологиясы (ҚҰТ) қолданылған бедеу әйелдерде жатырдан тыс жүктілік даму қаупі артады. Әдеттегі популяцияға қарағанда қосымша ұрпақ өрбіту технологиясы (ҚҰТ) қолданылған әйелдерде жүктіліктің үзілу қаупі жоғары. Табиғи ұрықтанудан кейінгіге қарағанда ҚҰТ қолданғаннан кейін туа біткен даму кемістіктері қаупі елеусіз жоғары болуы мүмкін. • Аналық бездерініің гиперстимуляция синдромы - экстракорпоралды ұрықтандырудың ең ауыр және қауіпті асқынуларының бірі. • Емделуден кейін аналық бездің бұралуының белгілері бар (ерте диагностика, тез арадағы детсорсия), тромбоэмболиялық асқынулар (ЭКҰ жүргізу үшін пайда / тәуекел қатынасын анықтау) туралы мәліметтер бар. Ерлер үшін • АХГ енгізу АХГ қарсы антиденелер түзілуін туындатуы мүмкін. Сирек жағдайларда бұның нәтижесі емнің тиімсіздігі болып табылады.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Сирек: жайылған бөртпе немесе қызба; енгізілген жердегі аллергиялық реакциялар (ауыру және/немесе бөртпе).Әйелер үшінЖиі: іш аймағы ауыруы және жүрек айнуы мен диарея сияқты асқазан-ішек бұзылыстары (жеңіл дәрежедегі АГС байланысты); жағымсыз жеңіл дәрежедегі АГС; сүт бездерінің ауырсынуы, аналық бездердің жеңіл немесе орташа дәрежедегі ұлғаюы және аналық без кисталары (жеңіл дәрежедегі АГС байланысты).Жиі емес: ауыр дәрежедегі АГС.Сирек: тромбоэмболия (ауыр дәрежедегі АГС аясында ФСГ/АХГ емдеумен байланысты).Ерлер үшінЖиі емес: су мен натрийдің іркілісі (препараттың үлкен дозаларын қабылдағаннан кейін).Сирек: гинекомастия (АХГ емдеумен байланысты).
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
Анатомиялық обструкциямен байланысты емес крипторхизм: 2 жасқа дейінгі ұлдарға аптасына екі рет 250 ХБ, 2-ден 6 жасқа дейінгілерге - аптасына екі рет 500-1 000 ХБ-дан енгізіледі. 6 жастан асқан ұлдарға аптасына екі рет 1 500 ХБ енгізіледі. Емдеу курсы 6 аптаны құрайды және қажет болған жағдайда қайталануы мүмкін.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді