A07AA11 Рифаксимин (Rifaximin)

Қолдану көрсеткіштері

Препаратқа сезімтал бактериялардан туындаған асқазан-ішек жолдарының инфекциясын емдеуде: асқазан-ішек жолдарының жедел инфекциясы, инвазивті емес штаммдардан Escherichia coli туындаған саяхатшылар диареясы, ішекте микроорганизмдердің шамадан тыс өсуінің синдромы, тоқішектің симптоматикалық асқынбаған дивертикулезі, созылмалы колит; колоректальді хирургиялық араласымдардағы инфекциялық асқынулардың профилактикасында; бауыр энцефалопатиясында.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; ішек бітелуі; ойық жаралы колит

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Көлік құралдарын және басқа да қауіпті механизмдерді жүргізу ұсынылмайды, өйткені емделу кезінде науқаста бас айналу, ұйқышылдық болуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 ферментінің субстраттары (варфарин, эпилепсияға қарсы және аритмияға қарсы дәрілер, оральді контрацептивтер) - бірге қолданғанда халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) өзгереді, ХҚҚ мәніне мұқият мониторинг жүргізу керек.• Гликопротеин-Р күшті ингибиторлары (циклоспорин) - препараттың концентрациясын жоғарылатады, оны қолданғанда сақтықпен тағайындаған жөн.Белсендірілген көмір - бір мезгілде қолданған жағдайда  препаратты белсендірілген көмір қабылдағаннан кейін ең кемі 2 сағаттан соң қабылдау керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолданылады.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету қажет емес.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Дәрігердің тікелей бақылауымен және пайда/қаупінің арақатынасын ескерумен аса қажет жағдайларды қоспағанда, сақтық шарасы ретінде қолдану ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Бала үшін емшек емудің және анасы үшін – емнің артықшылығын ескерумен, баланы емізуді тоқтату туралы немесе рифаксиминмен емді тоқтату / тоқтата тұру туралы шешім қабылдау керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас айналуы, бас ауыруы; іш қатуы, абдоминальді ауыру, құрсақ қуысында тартылу сезімі, диарея, метеоризм, жүрек айнуы, ректальді тенезмдер, кенет дефекация сезіну, құсу; температураның жоғарылауы.Жиі емес: кандидоз, герпестік инфекция, назофарингит, фарингит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары; лимфоцитоз, моноцитоз, нейтропения; тәбеттің төмендеуі, дегидратация; ұйқысыздық, ұйқы бұзылыстары, көңіл-күйдің болмауы, күйгелектік; бас сақинасы, гипестезия, парестезия, синустық бас ауыруы, ұйқышылдық; диплопия; вертиго, құлақтың ауыруы; жүрек қағысының жиілеуі; артериялық қысымның артуы, қан кернеулері; ентігу, мұрын бітелуі, тамақ құрғауы, орофарингеальді ауыру, жөтел, ринорея;  : асцит, диспепсия, асқазан-ішек моторикасының бұзылыстары, құрсақ қуысында жоғарғы бөлігінің ауыруы, қанмен немесе шырышпен нәжіс бөлу, қатты нәжіс, еріннің құрғауы, дәм сезу бұрмалануы; аспартат-аминотрансфераза деңгейі жоғарылауы; бөртпе, тері бөртулері және экзантема, күннен күю; белдің ауыруы, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет түйілуі, мойынның ауыруы, миалгия; несепте қан болуы, гликозурия, полакиурия, полиурия, протеинурия; полименорея; астениялық жай-күй, қалтырау, салқын тер, ауыру және жайсыздық, шеткері ісіну, тұмауға ұқсас синдром, гипергидроз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Қауіпсіздік және тиімділік туралы мәліметтер болмағандықтан, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді