G03DA04 Прогестерон (Progesterone)
Қолдану көрсеткіштері
Прогестерон-тапшылықты жағдай.Пероральді енгізу жолы: прогестерон жеткіліксіздігімен байланысты бұзылыстар: етеккіралды синдром, дизовуляция немесе ановуляциямен етеккір оралымының бұзылуы, қатерсіз мастопатиялар, пременопауза, менопауза емі (эстрогенотерапияға қосымша), лютеин жеткіліксіздігі салдарынан болған бедеулік; түсік тастау қаупі немесе анықталған лютеин жеткіліксіздігінен болатын үйреншікті түсік тастаудың алдын алу.Қынаптық енгізу жолы: гипофертильдік, ішінара немесе толық лютеин жеткіліксіздігімен байланысты біріншілік немесе екіншілік бедеулік (дизовуляция, in vitro ұрықтандыру барысында лютеин фазасын демеу, ооциттер донорлығы), ерте түсік қаупі немесе лютеин жеткіліксіздігімен байланысты дағдылы аборттан сақтандыру.
-
Клинические протоколы:
- Дисфункция яичников
- Менопауза и климактерическое состояние у женщины
- Нарушения менструального цикла
- Тяжелая черепно-мозговая травма
- Невынашивание беременности
- Синдром предменструального напряжения
- Хронические воспалительные болезни матки (хронический эндометрит)
- Гиперпластические процессы эндометрия
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа аса жоғары сезімталдық; тромбозға бейімділік, флебит немесе тромбоэмболиялық аурулардың жедел түрлері; шығу тегі белгісіз жыныс жолдарынан қан кетулер; толық емес аборт; порфирия; сүт бездерінің және жыныс мүшелерінің анықталған немесе күдік тудырған қатерлі жаңа түзілімдері.
Қауіпсіздік шаралары
ПРЕПАРАТ ҰРЫҚТАНУҒА ҚАРСЫ ДӘРІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ.Жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары, қант диабеті, бронх демікпесі, эпилепсиясы, бас сақинасы, депрессиясы, гиперлипопротеинемиясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау. Егер емдеу курсы етеккір оралымының басында басталса, әсіресе оралымның 15-ші күніне дейін, онда оралым қысқарады немесе қан кету дамиды. Жатырдан қан кету жағдайында препаратты оның себебін анықтағанша тағайындауға болмайды (мысалы, жатыр қуысын зерттеу). Толық жоққа шығаруға болмайтын тромбоэмболиялық және метаболизмдік қауіптерге байланысты келесі жағдайларда қабылдауды тоқтату керек: көрудің бұзылуы, тромбоэмболиялық көктамырлық немесе тромбоздық асқынулар, бастың қатты ауыруы кезінде. Анамнезінде тромбофлебиттер болғанда тұрақты бақылауда болу керек. Аменореяда емдеу кезінде жүктілікті болдырмау. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Окситоцин - лактогенді әсердің азаюы.Гипогликемиялық препараттар - қандағы гипогликемиялық препарат концентрациясының төмендеуі, олардың дозасын түзету қажет.Клотримазол - жүрек айнуы, құсу немесе қынаптан қан кетудің дамуы, екі препараттың да дозасын түзету қажет болуы мүмкін.Эритромицин - прогестерон тиімділігінің төмендеуі мүмкін. Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Бауыр қызметінің бұзылу қаупіне байланысты жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрлерінде қолдану қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген. Прогестеронның ана сүтіне бөлінуі жеткілікті зерттелмеген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: етеккір оралымының бұзылуы (аменореяны қоса), етеккір аралық қан кетулер, бас ауырулары.Сирек: мастодиния, ОЖЖ бұзылыстары (ұйқышылдық, бас айналуы, сирегірек депрессиялар), АІЖ бұзылыстары (құсу, диарея, іш қатуы, жүрек айнуы), холестатикалық сарғаю, қышыну, акне.Өте сирек: есекжем, хлоазма.
Балаларда қолданылуы
Ұсынылмайды!