G03AC03 Левоносгестрел (Levonorgestrel)

Қолдану көрсеткіштері

Контрацепцияның ешбір әдісі қолданылмаған, немесе қолданылған контрацепция әдісінің дұрыстығына сенім жеткіліксіз болған, қорғалмаған жыныстық қатынастан кейінгі алғашқы 72 сағат ішіндегі шұғыл пероральді контрацепция.Клиникалық хаттама:   1. Сексуалдық зорлық   2. Генитальды эндометриоз    3. Эндометрияның гиперпластикалық процестері   4. Жатыр денесінің қатерлі неоплазиясы
    Клинические протоколы:
  1. Сексуальное насилие
  2. Генитальный эндометриоз
  3. Гиперпластические процессы эндометрия
  4. Злокачественные неоплазии тела матки

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың әсер ететін затына немесе кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Левоноргестрел ұдайы қолданылатын контрацепцияны алмастыра алмайды. Эктопиялық жүктілікке (анамнезде эктопиялық жүктілік немесе сальпингит болғанда) қауіпті факторлардың болған жағдайында левоноргестрелді қабылдау ұсынылмайды. Бір етеккір оралымының ішінде және сол оралымның бұзылуы мүмкін екеніне байланысты, препаратты қайта қолдану ұсынылмайды.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Эфавиренз - левоноргестрелдің қан плазмасындағы деңгейін шамамен 50% төмендетеді. Барбитураттар (оның ішінде примидон), фенитоин, карбамазепин, шайқурай препараттары, рифампицин, ритонавир, рифабутин, гризеофульвин және эфавиренз - левоноргестрел құрамдас препараттардың тиімділігін төмендетеді. Циклоспорин - циклоспориннің уыттылығын күшейтеді.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстары кезінде ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Левоноргестрел ана сүтіне енеді. Препаратты қабылдағаннан кейін бала емізу 8 сағатқа тоқтатылуы керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас ауыру, жоғары қажығыштық, жүрек айнуы, іштің төменгі бөлігінің ауыруы, етеккірмен байланыссыз қан кетулер.Жиі: бас айналу, сүт бездерінің кернеп ауырсынуы, диарея, құсу, етеккірдің 7 күннен артық кідіруі, етеккір оралымының бұзылуы.Өте сирек: тері бөртпесі, есекжем, тері қышынуы, жамбас тұсының ауыруы, беттің ісінуі, іштің ауыруы, дисменорея.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

16 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 16 жасқа дейінгі балаларда препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді