G02CX01 Атосибан¹ (Atosiban)

Қолдану көрсеткіштері

Уақытынан бұрын босану қаупі, іштегі нәрестенің қалыпты жүрек қағысымен, келесі жағдайлар байқалатын кезде: 30 секундтан аз және жиілігі 30 минут ішінде 4 реттен көп тұрақты жатырдың жиырылуы байқалатын жағдайларда, босанған әйелдер үшін жатыр мойнының 1-ден 3 см-ге дейін, босанбаған әйелдер үшін 0 см-ден 3 см-ге дейін кеңеюі байқалатын және 24-33 аптадағы жүктіліктегі 18 жастан асқан әйелдерде кенеттен уақытынан бұрын босануда босану әрекетінің тежелуі.Клиникалық хаттама:   1. Ұрық қабықшасының уақытынан бұрын жарылуы
    Клинические протоколы:
  1. Преждевременный разрыв плодных оболочек

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Жүктілік кезеңі 24 аптадан аз немесе толық 33 аптадан жоғары; 30 аптадан жоғары жүктілік кезеңінде қабықтың уақытынан бұрын жарылуы; фетальді жүрек ырғағының бұзылысы бар, ұрықтың жатырішілік дамуының тежелуі; босануға дейінгі жатырдан қан кету, жатыр ішінде нәрестенің қайтыс болуы; плацентаның дұрыс орналаспауы; препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық; жүктіліктің ары қарай дамуы қауіпті болып табылатын ана мен іштегі нәрестенің кез-келген жағдайлары.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Қабықтың уақытынан бұрын жарылуы болған жағдайда босануды ұзарту артықшылығын бағалау. Препаратты көп ұрықты жүктілігі бар жүкті әйелдерде қолдану кезінде сақ болу керек. Іштегі нәрестенің құрсақта өсуі тежелген жағдайда, токолиз туралы шешім, ұрықтың функционалдық жетілуін бағалаумен байланысты. Енгізу кезінде жатыр бұлшықетінің ұзақ белсенділігінде жатыр жиырылуына мониторинг жасау, ұрық жүрегінің жиырылу жиілігін қадағалау керек. Препарат окситоцинның антагонисті болып табылады, сондықтан жатырдың босаңсуын күшейтіп және босанғаннан кейінгі жатырдан қан кетуді тудыруы мүмкін, босану кезінде қан жоғалтуды үнемі бағалап отыру қажет. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Несеппен аз мөлшерде бөлінуіне байланысты, дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің бұзылыстарында сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Лактацияға әсер етпейді, препарат аз мөлшерде ана сүтіне енеді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жүрек айнуы, құсу, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқысыздық, тахикардия, гипотензия, қан құйылу, жатырдан қан кету, жатыр атониясы, енгізген жердегі реакциялар, қышу, бөртпелер, гипергликемия.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі жүктілерде препараттың қауіпсіздігі мен әсері зерттелмеген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді