G02AD06 Мизопростол¹ (Misoprostol)

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық, жүрек-қантамыр аурулары, простагландинге тәуелділікпен байланысты аурулар, немесе простагландиндер қабылдауға қарсы көрсетілімдер: глаукома, бронх демікпесі, артериялық гипертензия, эндокринопатиялар және эндокриндік жүйе аурулары, соның ішінде қант диабеті, бүйрек үсті бездері дисфункциясы, гормонға тәуелді ісіктер, анемия, жатырішілік контрацептивтерді қолдану (ЖІК) (қолданар алдында ЖІК алып тастау керек).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Ерте мерзімді жүктілікті тоқтату үшін қолданылған кезде мизопростол тек мифепристонмен бірге қолданылуы тиіс. Препаратты қабылдау резус-конфликтінің алдын алуды және түсік тастаумен қатарлас жүретін басқа жалпы шараларды қажет етеді. Препаратты қабылдағаннан кейін пациенттерде, әдетте, аздаған қынаптық қан кету туындайды, кейбір әйелдерде өте ұзақ қан кетеді. Жүктіліктің өте ерте мерзімінде түсік мифепристонды қабылдағаннан кейін бірден болуы мүмкін, дегенмен, бұл жағдайда, медикаментозды түсік тастаудың нәтижесін оңтайландыру үшін мизопростол таблеткаларын қабылдау қажет.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Құрамында магний бар антацидтер - диареяның күшеюі.Тамақтану, антацидтер - плазмада мизопростол қышқылы концентрациясының төмендеуі (клиникалық елеусіз).Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП), ацетилсалицил қышқылын қоса - простагландинге қарсы әсерінің салдарынан мизопростол тиімділігінің төмендеуі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің бұзылысы кезінде қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің бұзылысы кезінде қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Жатырдан тыс жүктілікке күдіктенгенде қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну, бас айналуы, бас ауыруы, әлсіздік, қанның бетке "құйылулары", жүрек айнуы, құсу, метеоризм, диарея, тері бөртпесі, қышыну, гипертермия, аллергиялық реакциялар (ангионевроздық ісіну).Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты 15 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді