G01AF02 Клотримазол (Clotrimazole)

Қолдану көрсеткіштері

Candida және/немесе Trichomonos vaginalis түріне жататын ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар әсерінен туындаған генитальді инфекциялар (кандидозды вульвовагинит, трихомониаз); клотримазолға сезімтал бактериялар әсерінен туындаған генитальді суперинфекциялар.Клиникалық хаттама:   1. Бұт, сарпай және қынаптың қабыну аурулары (бартолинит, вульвит, вагинит)
    Клинические протоколы:
  1. Воспалительные заболевания промежности, вульвы и влагалища (бартолинит, вульвит, вагинит)

Қарсы көрсеткіштері

Клотримазолға немесе препараттың басқа да компоненттеріне жоғары сезімталдық, етеккір кезеңі, анамнезінде жыныстық жолмен берілетін аурулардың болуы, имидазол немесе зеңге қарсы басқа қынаптық дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық, қынаптан жүйесіз қан кету, аномальді қынаптық қан кету немесе қан аралас бөліністер, вульва ойық жаралары, қынаптық ойық жаралар.

Қауіпсіздік шаралары

Тек сыртқа қолдануға ғана арналған. Көзге тигізуді болырмау. Көзге тигізіп алған жағдайда оны сумен мұқият шаю керек. Егер ұдайы қолданудан кейін жағдай нашарласа немесе жақсару байқалмаса, дәрігерге қаралу. Емдеуді етеккір оралымы кезінде жүргізбеген дұрыс, бірақ оның басталуы алдында аяқтаған жөн. Соңғы алты ай ішінде 2 реттен аса қайталанған кандидоз кезінде пациенттер өз дәрігерімен кеңесуі қажет. Препараттың автокөлікті басқарғанда немесе басқа да механизмдермен жұмыс істегенде реакция шапшаңдығына ықпал етуі жөнінде деректер жоқ. Жағымсыз симптомдар пайда болған кезде емдеуді тоқтатқан жөн.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Нистатин - клотримазолдың белсенділігі төмендеуі мүмкін. Дексаметазон - клотримазолдың зеңге қарсы әсерін төмендетеді. Клотримазолдың микробтарға қарсы әсерін п - оксибензой қышқылының пропилді эфирінің жергілікті жоғары концентрациялары күшейтеді. Полиендік антибиотиктер (амфотерицин В) - клотримазолдың зеңге қарсы әсерін төмендетуі мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. 

Жүктілік

Сақтықпен қолдану. Жүктіліктің бірінші триместрінде аппликаторды пайдалануға болмайды.

Емізу

Сақтықпен қолдану. 

Жағымсыз әсерлері

Кейде: қайтымды қызарулар, шаншу және жыныс мүшелері аймағының ашытуы, аллергиялық реакциялар (естен тану, гипотензия, ентігу, есекжем, терінің қышынуы), іштің ауыруы.Өте сирек: қынапқа енетін жердегі аймақ шырышты қабығының қышуы, қызаруы, ауыруы және ісінуі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.