G01A05 Деквалиния хлориді (Dequalinium Chloride)
Қолдану көрсеткіштері
Шығу тегі бактериялық және зеңдік қынаптық инфекцияларда (мысалы, бактериялық вагиноз, кандидоздық вагинит
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; қынаптық эпителий және жатыр мойнының ойық жаралы өзгерістері.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
• Нәрестеге әсерін барынша азайту үшін, қынаптық таблеткаларды босануға дейінгі 12 сағаттың ішінде пайдаланбау керек. • Тәуліктік жоғары дозаны пайдалану немесе ұсынылған емдеу ұзақтығын артыру қынаптың ойық жараларының пайда болу қаупін ұлғайтуы мүмкін.Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• Сабын, спермицидтер немесе қынаптық бүріккіштер(қынаптық шайғыштар) -микробқа қарсы белсенділігін төмендетуі мүмкін. • Латекстік емес мүшеқаптармен және диафрагма сияқты басқа да қынапішілік бұйымдармен өзара әрекеттесуіне қатысты деректер жоқ, сондықтан оларды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жүктілік
Постмаркетингтік тәжірибе жаңа туған нәрестенің денсаулығына қатысты уыттылығының жоқ екенін көрсетті.Босануға дейінгі 12 сағаттың ішінде пайдаланбау керек.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Жиі: қынаптық бөліністер, вульвовагинальді қышыну, вульвовагинальді ашу, қынаптық кандидозСирек: бас ауыруы, жүрек айнуы, қынаптан қан кету, қынаптың ауыруы, бактериялық вагинит, зеңдік тері инфекциясы, вульвит, вульвовагинит.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
Балаларға (жыныстық жетілу жасына жетпеген қыздарға) тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді