D11A01 Миноксидил (Minoxidil)
Қолдану көрсеткіштері
Андрогендік және ошақтық алопецияны емдеу үшін.
-
Клинические протоколы:
- Артериальная гипертензия у детей и подростков
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Алопеция
Қарсы көрсеткіштері
Миноксидилге немесе ерітіндінің қандай болсын басқа ингредиентіне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Бастың шашты бөлігіндегі дерматозда, тері жабынының тұтастығы бұзылған кезде қолдануға болмайды. Ерітіндінің көзге түсуін болдырмау керек. 18 жасқа дейінгі және 65 жастан асқан пациенттерге қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Третиноин және антралин/дитранол - миноксидилдің тері арқылы абсорбциясының күшеюі.Бетаметазон дипропионаты - тіндердегі миноксидилдің ошақтық концентрациясының артуы және миноксидилдің жүйелік сіңірілуінің төмендеуі.Шеткергі вазодилататорлар - ортостатикалық гипотензия.Жергілікті қолданылатын дәрілік заттар - жергілікті қолданылатын миноксидил резорбциясының жоғарылауы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: жергілікті тітіркену, сонымен қатар терінің қабыршықтануы, қызаруы, дерматит, терінің құрғауы, гипертрихоз (денеде шаштың қалаусыз өсуі, әйелдер бетінде шаш өсуін қоса), күйдіру және қышынуды сезіну.Жиі емес: аллергия (сезімталдық реакциялары, ринит, бөртпе, жалпыланған эритема, беттің ісінуі); бас айналуы, шаншу, бас ауыруы, әлсіздік, неврит, ісінулер, дәмді сезінудің бұзылуы, құлақтың инфекциялық аурулары (сыртқы құлақ отиті), көрудің бұзылуы, көздің тітіркенуі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.