D10AE01 Бензоила пероксид (Benzoyl peroxide)

Қолдану көрсеткіштері

Жеңіл және орташа дәрежедегі безеу бөртпесінде;
- жасөспірімдердегі безеу бөртпесі
- терісі сезімтал, шашының түсі ашық немесе жирен адамдарда
- аурудың бастапқы кезеңінде
- безеу бөртпесінен кейінгі тыртықтардың алдын алу үшін.
    Клинические протоколы:
  1. Угревая болезнь

Қарсы көрсеткіштері

Препарат ингредиенттерінің біріне, пероксидтерге (сутегінің асқын тотығы және басқалар) жоғары сезімталдық;
- 12 жасқа дейінгі балаларға.

Қауіпсіздік шаралары

Қызару, күйдіру, қышыну, қабыршақтану, сирек ісіну түріндегі жеңіл тітіркену байқалуы мүмкін, бұл препаратты көтере алмаушылықты немесе аллергияны білдіреді, мұндай жағдайларда қолдану жиілігін төмендету немесе препараттың барынша төмен концентрацияларын пайдалану қажет. Егер тітіркену қайтпаса, препаратты қолдануды тоқтату керек.
Препараттың көздің, ауыздың және мұрынның шырышты қабықтарына түсуін болдырмау керек, кездейсоқ түсіп кеткен жағдайда жылы сумен мұқият жуу керек.
Препаратты терінің зақымдалған бөлігіне жақпаңыз.
Терісі ақшыл емделушілер және терінің барынша сезімтал бөліктеріне (мойын, декольте аумағы, бұғана ойықтары, сондай-ақ, көз бен ерін аумағы) абайлап қолдану керек.
Қабыршақтандыратын, құрғатқыш немесе тітіркендіргіш әсері бар косметикалық құралдарды, сондай-ақ, құрамында спирт бар парфюмерияны бір уақытта пайдалану ұсынылмайды. Жұмсақ сабынды тәулігіне 2 реттен көп пайдалану ұсынылмайды.
Күнге қыздырыну және ультракүлгін сәулелену ұсынылмайды, бұлар терінің тітіркенуіне қосымша себеп болып табылады, қажет болғанда күннен қорғайтын кремді қолдану керек.
Препараттың шашпен немесе киіммен жанасуын болдырмаңыз, себебі препарат олардың түсін өзгертуі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Безеуді емдеуге арналған басқа топикалық дәрілермен бірге тағайындау терінің тітіркенуін және құрғауын күшейтуі мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Жүктілік

Препаратты жүктілік кезінде қолдану ана үшін болжамды пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады.

Емізу

Препаратты лактациця кезінде қолдану ана үшін болжамды пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек: жергілікті тітіркену (қызару, қабыршақтану, терінің құрғауы, күйдіру сезімі);
- аллергиялық жанаспалы дерматит.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Сыртқа.
Гельді саусақтың ұшымен жеңіл массаждық қимылмен тәулігіне 1-2 рет (таңертең және кешке) құрғақ таза теріге жағу керек. Емдік әсері 4 апта емдегеннен кейін дамиды, 3 ай емдегеннен кейін тұрақты жақсарады.
Емді бастар алдында теріге тест жүргізу ұсынылады. Препаратты білектің алдыңғы беткейінің аздаған бөлігіне 48 сағатқа жағады. Егер қышыну және қызару туындамаса, препаратты бетке қолдануға болады.

Балаларда қолданылуы

12 жасқа дейін қолдануға болмайды.