D10A54 Изотретиноин және Эритромицин (isotretinoin, combinations)
Қолдану көрсеткіштері
Айқындық дәрежесі әлсіз немесе орташа безеу бөртпесін емдеуде.
-
Клинические протоколы:
- Угревая болезнь
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
Қауіпсіздік шаралары
• Ауызбен, көзбен, ерінмен, зақымданған терінің басқа да шырышты қабықтары немесе бөліктерімен жанастырмаған дұрыс.• Микробқа қарсы препараттарға төзімділігі дамуының жоғары қаупін ескере отырып, 12 аптадан астам үздіксіз қолдануды жалғастырудың пайдасын бағалаған жөн. Шамадан тыс қолданудың тиімділікті жақсартпайтынын, бірақ терінің тітіркену қаупін арттыруы мүмкін екендігін ескерулері тиіс.Егер тітіркенуі пайда болса (қызару, қабыршықтану немесе жайсыздық), пациенттер ылғалдандырғыш кремді қажеттілігіне қарай пайдалануына болады және қолдану жиілігін азайтуы немесе емдеуді уақытша тоқтата тұруы тиіс. Егер тітіркенуі басылмаса, емдеуді тоқтату керек. Тәулігіне бір реттен кем болатын дозалау жиілігіне тиімділігі анықталмаған.• Күнге күюден тартынған немесе күн сәулесінде әдейі болу немесе ұзақ әсер ететін жайттарды азайту керек. Егер күн сәулесінен әсер етуінен құтылу мүмкін болмағанда, пациенттерге әсер ету ауқымы кең күннен қорғайтын өнімдерді (УК A және УК B сәулеленуден қорғайды) және қорғайтын киім киюді ұсынған жөн. • Күннен болатын күйіктердің барынша жоғары қаупіне әкелетін фотосенсибилизация болу мүмкіндігіне байланысты препаратты жеке басында немесе тері обырының отбасылық тарихы бар пациенттерге сақтықпен пайдалану керек.• Препараттың жеңіл тұтанатын қасиеттеріне байланысты пациенттер қолданған кезде және одан кейін бірден темекі шегуден немесе ашық отқа жақын жерде жағудан тартынулары тиіс.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
• Тотықтыратын заттармен (бензоил пероксидімен)- препараттың жергілікті қолдану тиімділігін төмендетуі мүмкін. • Клиндамицин бар препараттармен - біріктірілімде қолдануға болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: бөртпе, құрғау, эритема, қабыршықтану, күйдіру, қышыну, терінің тітіркенуі; ауыру.Жиі:экзема, эксфолиативті дерматитті қоса, жаққан орындағы реакциялар.Сирек: аллергиялық реакциялар, іштегі жайсыздық, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, диарея; фотосенсибилизация реакциялары, терінің түссізденуі, терінің гиперпигментациясы - терінің гипопигментациясы, есекжем; беттің ісінуі.
Балаларда қолданылуы
12 жасқа дейігі балаларға қарсы көрсетілген, қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.