D07AD01 Клобетазол (Clobetasol)

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық, терінің инфекциялық аурулары, қызғылт және бозбалалық безеулер (acne vulgaris), тері обыры, Гайд түйіндік қышытпасы, периоральді дерматит, перианальді және генитальді қышыну, бактериялық, вирустық және зеңдік тері аурулары (қарапайым герпес, желшешек, тері туберкулезі, актиномикоз және басқалар), таралған түйіндік және пустулездік псориаз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Клобетазол анамнезінде басқа кортикостероидтарға немесе препарат құрамындағы қосымша заттардың кез келгеніне жергілікті аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы керек. Псориазды емдеу кезінде пациентті мұқият қадағалау маңызды. Салдарлы инфекция қосылған жағдайда тиісті бактерияға қарсы ем жүргізу керек. Бет терісіне жаққан жағдайда емді 5 күнмен шектеу керек. Препарат көзге түскен жағдайда көп мөлшердегі сумен шаю қажет.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3А4 тежегіштері (мысалы, ритонавир және итраконазол) - кортикостероидтардың метаболизмін бәсеңдетеді, бұл жүйелі әсердің ұлғаюына алып келеді.                                                                                        Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: қышыну, жергілікті шымылдату сезімі және жағу орнындағы ауырсыну.                Жиі емес: терінің жергілікті атрофиясы, сүйел, телеангиэктазия.Өте сирек: ұзақ және қарқынды ем кезінде терінің жұқаруы, терінің әжімденуі және құрғақтығы, пигментацияның өзгеруі, гипертрихоз, ауру симптомдарының шиеленісуі, дерматит, пустулезді псориаз, эритема, бөртпе, қышыну, есекжем, аллергиялық жанаспалы дерматит, акне (безеулі бөртпе), жаққан жердегі тітіркену және/немесе ауырсыну, оппортунистік инфекциялар, аса жоғары сезімталдық, жайылған бөртпе, гипоталамус-гипофизарлық-бүйрекүсті безі жүйесінің бәсеңдеуі, Кушингоид немесе гиперкортицизм белгілері, балалар өсуінің кідіруі және денеге салмақ қосудың кідіруі, остеопороз, глаукома, гипергликемия/глюкозурия, катаракта, гипертония, дене салмағының артуы, эндогендік кортизол деңгейлерінің төмендеуі, алопеция, шаштың үзілгіштігі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді