D07AB09 Триамцинолон (Triamcinolone)

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; көзге және көз айналасына қолдану; емделмеген инфекцияланған тері беткейі; паразиттік инфекциялар.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Ұзақ уақыт қолданғанда оның қанға ену қаупі жоғарылайды, тері атрофиясы дамуы мүмкін. Емдеу 5 күннен аспауы тиіс. Псориазы бар пациенттер емі дәрігердің қатаң бақылауымен жүргізілуі керек. Анамнезінде орталық серозды хориоретинопатиясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Жергілікті қолдануға арналған кортикостероидтар - бірге қолданған кезде жағымсыз әсерлер қаупінің жоғарылауы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Ауқымды тері беткейіне ұзақ мерзімді жаққан кезде бүйрек үсті безі функциясының тежелуі мүмкін; жоғары сезімталдық реакциялары дамуы мүмкін; артериялық гипертония, жүрек жеткіліксіздігі; жасырын инфекциялардың белсендірілуі; сұйықтықтың, натрийдің ұсталуы; бассүйекішілік қысымның, көзішілік қысымның жоғарылауы; психикалық бұзылыстар, құрысулар; асқазан-ішектен қан кету немесе перфорациясы; жаралар жазылуының баяулауы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Сыртқа. Бір жастан асқан балалар: тәулігіне 2 реттен артық емес, жұқа қабатпен (жоғары тәуліктік доза – 2 г). 1 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді