D06A02 Хлорамфеникол (Chloramphenicol)

Қолдану көрсеткіштері

Жаралану үдерісінің екінші фазасындағы жаралар (іріңнің, некротикалық тіндердің болмауы), ұзақ уақыт бойы жазылмайтын трофикалық ойық жаралар, ІІ-ІІІ дәрежедегі күйіктер, фурункулдер.
    Клинические протоколы:
  1. Криз отторжения почечного трансплантата
  2. Хроническая трансплантационная нефропатия
  3. Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
  4. Ожоги поверхностные до 20% (взрослые)
  5. Ожоги у детей
  6. Отморожение у детей
  7. Отморожения у взрослых
  8. Паллиативная помощь и сестринский уход за больными с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии с наличием стом, с назогастральным зондом и мочевым катетером
  9. Последствия термических и химических ожогов, отморожений, ран
  10. Менингококковая инфекция
  11. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  12. Рак поджелудочной железы
  13. Злокачественные новообразования прямой кишки
  14. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  15. Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости

Қарсы көрсеткіштері

Жекелей көтере алмаушылық, сүйек кемігі қан түзуінің бәсеңдеуінде, жедел интермиттирлейтін порфирияда, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның тапшылығында, тері ауруларында (зеңдік аурулар, псориаз, экзема), жаралану үдерісінің бірінші фазасында (іріңнің мол шығуы, тіндердің айқын ісінуі, ауырсыну және некротикалық тіндердің болуы).

Қауіпсіздік шаралары

Бұрын цитостатикалық препараттармен емдеуді немесе сәулелі терапияны қабылдаған пациенттерге сақтықпен тағайындайды. Линиментті ауқымды беткейге жағумен қатар этанолды бір уақытта қабылдағанда дисульфирам тәрізді реакция (тері жабындарының гиперемиясы, тахикардия, жүрек айнуы, құсу, рефлекторлы жөтел, құрысулар) дамуы мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Эритромицин, клиндамицин, линкомицин - әсерлерінің өзара әлсіреуі. Пенициллиндер және цефалоспориндер - бактерияға қарсы әсерінің төмендеуі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Тері бөртпесі, есекжем, ангионевротикалық ісіну, ретикулоцитопения, лейкопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения, эритропения, апластикалық анемия, агранулоцитоз.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Жаңадан туылған кезінде (4 аптаға дейін) қарсы көрсетілген. 3 жасқа дейінгі балаларға сақтықпен қолдану.