D03AX03 Декспантенол (Dexpanthenol)

Қолдану көрсеткіштері

Тері жабыны бүтіндігінің зақымдануын және құрғақтығын емдеу және алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися поражениями кожи
  2. Ожоги у детей
  3. Врожденный ихтиоз

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Аллергиялық реакциялар дамыған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату қажет. Көзге тигізуді болдырмау.

Жүктілік

Қолданылуы мүмкін.

Емізу

Қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық дерматит, жанаспалы дерматит, қышыну, қызару, экзема, бөртпе, есекжем, терінің тітіркенуі және сулы бөртпелер.

Балаларда қолданылуы

Емшектегі балаларда баздануды емдеу және алдын алу. Жергілікті, жаялықты ауыстырған сайын жағады.