D01AE15 Тербинафин (Terbinafine)

Қолдану көрсеткіштері

Trichophyton (мысалы, T.rubrum, T.mentagrophytes, T.verrucosum, T.violaceum), Microsporum canis және Epidermophyton floccosum сияқты дерматофиттерден туындаған жұмсақ терінің зеңді зақымдануларын емдеу және алдын алу; Candida (мысалы, Candida Albicans) текті ашытқы зеңдерден туындаған тері инфекциялары; Malassezia furfur туғызған кебек тәріздес теміреткіде.Клиникалық хаттама:   1. Дерматофитиялар 
    Клинические протоколы:
  1. Дерматофитии

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Тербинафинге немесе қосымша заттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Алкоголизмнен зардап шегетін пациенттерде, сүйек кемігі қан түзілуінің тежелуінде, ісінулер, зат алмасу аурулары, аяқ-қол тамырларының окклюзивті аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Жүйелі емес емдеуде немесе емдеуді уақытынан тыс тоқтатқан кезде инфекция қайталануының қаупі бар. Препараттың көзге түсуін болдырмау. Аллергиялық реакциялар дамыған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Алкоголь және басқа да гепатоуытты агенттер - гепатоуытты әсерінің күшеюі.Варфарин - антикоагулянтты белсенділігінің төмендеуі.Бауырдың микросомальді ферменттерін ынталандыратын заттар - тербинафин клиренсінің артуы және тиімділігінің төмендеуі.Бауырдың микросомальді ферменттерін тежейтін заттар - тербинафин клиренсінің төмендеуі, әсері және уыттылығының күшеюі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: жағу орнының тітіркенуі.Жиі: жағу орнының қышуы, жағу орнында күйдіру сезімі, жағу орнының ауыруы, жағу орнының қызаруы, жағу орнында жоғары сезімталдық, терінің қабыршақтануы, қышыма, ауырсыну, бөртпе.Жиі емес: терінің құрғауы, тері тұтастығының бұзылуы, теріде қабыршықтардың түзілуі, реңдену бұзылыстары, терінің қызаруы, терінің ашытуы, бөртпе, ауыруы сезімі.Сирек: конъюнктиваның тітіркену симптомдары, жанаспалы дерматит, экзема, жағдайдың нашарлауы.Өте сирек: буллезді дерматит, есекжем.Жиілігі белгісіз: жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Сыртқа. 12 жастан асқан балалар. Кремді алдын ала жуылған және кептірілген, зақымданған теріге және оның айналасындағы аймаққа күніне 1-2 рет жұқа қабатпен, сәл уқалап жағу. Емнің ұзақтығы және жиілігі нозологиясына байланысты. 12 жасқа дейінгі  (жақпамай үшін), 18 жасқа дейінгі балалар (спрей үшін) қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді