D01AC14 Сертаконазол (Sertaconazole)

Қолдану көрсеткіштері

Дерматофиттерден және ашытқы тәріздес зеңдерден туындаған терінің беткейлік микоздарын жергілікті емдеу: табан эпидермофитиясы, шап дерматофитиясы, кеуде микоздары, бет микоздары, қол ұшының дерматомикозы, тері кандидозы, кебекті теміреткі.

Қарсы көрсеткіштері

– белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
– зеңге қарсы басқа ұқсас препараттарға (имидазол тобындағы) аса жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Артық дозаланудың бірде-бір жағдайы сипатталмаған

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ақпарат жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ақпарат жоқ.

Жүктілік

Клиникаға дейінгі зерттеулер сертаконазолдың ешқандай тератогендік және эмбриоуыттылық әсерлерінің жоқтығын көрсетті.
Сертаконазол тіпті жоғары дозаларын жергілікті қолданудан кейін қан плазмасынан табылмаса да, және жаңа туған нәрестелерде және жүкті әйелдерде сертаконазолдың жағымсыз әсері дәлелденбесе де, жүктілік кезінде препаратты қолдану пайда/қаупіне мұқият баға беруді қажет етеді.

Емізу

Емшек емізу кезеңінде препаратты қолдану пайда/қаупіне мұқият баға беруді қажет етеді.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігі туралы деректер жоқ.
Кейде қысқа мерзімдік өткінші эритематоздық реакциялар туындады, бірақ олар қолданған орында ғана болады және емдеуді тоқтатуды қажет етпейді.
Препарат терінің зақымданбаған немесе зақымданған бөліктеріне жаққан кезде бірдей жағымды болды.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Кремді терінің зақымданған жеріне, сау тері беткейінің шамамен 1 см-ін қамти отырып, тәулігіне бір немесе екі рет (кешке немесе таңертең және кешке) жұқа қабат етіп жағу керек. Емдеу курсының ұзақтығы қоздырғыштың түріне, сондай-ақ инфекцияның орналасқан жеріне байланысты. Клиникалық симптомдарын толық жою және сауыққанына микробиологиялық тұрғыдан айғақтар алу үшін, сондай-ақ ауырудың қайталануына жол бермеу үшін, көп жағдайларда клиникалық сауығу ерте, емдеудің 2-ші және 4-ші аптасы аралығында басталса да, 4 апталық емдеу курсы ұсынылады.

Балаларда қолданылуы

Балаларға және жасөспірімдерге қолдану тәжірибесі жоқ.
Дәрілік затты балаларға қолдану туралы деректер жоқ.