D01AC02 Миконазол (Miconazole)
Қолдану көрсеткіштері
Дерматофиттер немесе ашытқы зеңдері туындатқан тырнақ пластинасының және терінің зеңдік инфекциялары: Candida, Trichophyton, Epidermophyton, Malassezia furfur; терінің аралас зеңдік немесе зеңді-бактериялық инфекциялары; грамоң микроорганизмдермен терінің екіншілік жұқпалануы.Клиникалық хаттама: 1. Дерматофитиялар
-
Клинические протоколы:
- Дерматофитии
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Кремнің көзге түсуін болдырмау.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Пероральді антикоагулянттар (мысалы, варфарин) - антикоагулянтты әсерді бақылау және сақ болу керек. Басқа да жақпамайлармен немесе кремдермен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Жақпамай жаққан орында терінің тітіркенуі, асқын сезімталдық реакциялары, Квинке ісінуі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
Сыртқа, терінің зақымданған бөліктеріне күніне 2 рет жағу, таңертең және кешке. Қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді