A06AD04 Магний сульфаты (Magnesium sulfate)

Қолдану көрсеткіштері

Улану, іштің қатуы, ішекті тазарту, холангит, холецистит, диагностикалық манипуляциялар алдында.Клиникалық хаттама:    1. Ересектердегі описторхоз   2. Қалқанша безінің қатерлі ісіктері    3. Тік ішектің қатерлі ісіктері    4. Тоқ ішектің қатерлі ісіктері
    Клинические протоколы:
  1. Описторхоз у взрослых
  2. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  3. Злокачественные новообразования прямой кишки
  4. Злокачественные новообразования ободочной кишки

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа жоғары сезімталдық; айқын брадикардия; АV блокада; тыныс алу мүшелерінің ауруы; асқазан-ішек жолдарының жедел қабыну аурулары; кальций тапшылығымен жүретін жағдайлар; етеккір.

Қауіпсіздік шаралары

Ұзақ мерзім емделгенде артериялық қысымның, жүрек қызметінің, сіңір рефлексін, бүйрек қызметінің, тыныс алу жиілігінің мониторингін жүргізу қажет. Бүйрек және жүрек жеткіліксіздігі кезінде балалар бүйрегінде тұздардың кумуляциялану қаупіне байланысты тұзды іш жүргізетін заттарды қолдануда сақтық таныту қажет. Көлік құралдарын немесе басқа да қауіптілігі ықтимал механизмдерді басқаруда сақ болу.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Тетрациклин - асқазан-ішек жолдарында тетрациклин сіңірілуінің төмендеуі.Перифериялық әсерлі миорелаксанттар - жүйке-бұлшықеттiк импульс берілуі тежелуінің күшеюі.Нифедипин - айқын бұлшықет әлсіздігі.Кальций препараттары, алкоголь (жоғары концентрацияда), сілтілік металл карбонаттары, бикарбонаттары және фосфаттарымен, күшән қышқылының тұздарымен, барий, стронций, новокаин гидрохлориді, салицилаттар және тартраттармен фармацевтикалық үйлесімсіз (тұнба түзеді).Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің бұзылыстары кезінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жүрек айну, құсу, диарея; асқазан- ішек жолдары қабынулық ауруларының асқынуы; тыныс алу тежелуі мүмкін; гипотензия; тыныштандыратын және ұйықтатқыш әсер етуі мүмкін; тамақ ингредиенттерінің және бірге тағайындалатын дәрілік заттар сіңірілуінің бұзылысы.

Балаларда қолданылуы

Ішке. 12 жастан асқан балаларға: тәулігіне 1 рет 10 г 1/2 стакан сумен, 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға: 5-10 г 1/2 стакан сумен. 6 жасқа дейінгі балаларға: 1 жасқа 1 г есебiмен дәрігердің тағайындауымен қолданады. Созылмалы iш қату кезінде клизмалар (20-30% ерітiндi 100 мл) қолданылуы мүмкін. Өт айдағыш дәрі ретiнде 20-25% (20-25г 100 мл су) ерітiндiнi 1 ас қасықтан күнiне 3 рет қабылдайды; сонымен қатар зонд арқылы магний сульфатының жылы ерітiндiсiн (25% 50 мл немесе 10% 100 мл ерітінді) енгiзе отырып дуоденальді зондттау жүргiзеді. 8 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.