C10A13 Эволокумаб (Evolocumab)
Қолдану көрсеткіштері
Гиперхолестеринемия және аралас дислипидемия; гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия; диагностикаланған атеросклероздық жүрек-қантамыр аурулары.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе кез келген қосалқы затқа жоғары сезімталдық.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Алдын ала толтырылған шыныдан жасалған шприц инесінің қалпақшасы табиғи резеңкеден (латекс туындысы) жасалған, ол аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Статиндер - бір мезгілде тағайындағанда дозаларын түзету қажет емес.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бүйрек жеткіліксіздігі
Ақпараттардың шектеулі болуына байланысты бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бауыр жеткіліксіздігі
Орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде мұқият мониторинг қажет.Бауырының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер сақтықпен қолданылуы тиіс.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жүктілік
Әйелге емдеу қажет болатын клиникалық жай-күйлерде болмаса, қолдануға болмайды.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Емізу
Шешім анасы үшін емді жалғастырудың ықтимал пайдасын немесе жаңа туған нәрестеге теріс әсер етуі мүмкін қауіпті бағалау негізінде қабылдануы тиіс.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Жиі: тұмау, назофарингит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы; бөртпе; жүрек айну; арқаның ауырсынуы, артралгия.Жиі емес: есекжем.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
Бастапқы гиперхолестеринемия және аралас дислипидемия көрсетілімі үшін 18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия көрсетілімі үшін 12 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді