C10AB05 Фенофибрат¹ (Fenofibrate)
Қолдану көрсеткіштері
Диета ұстаумен түзетуге келмейтін II a, II b, III, IV және V типтегі (Фредериксон жіктеуі) гиперлипопротеинемия.
-
Клинические протоколы:
- ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
- Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
- Цирроз печени у взрослых
- Подагрический артрит
Қарсы көрсеткіштері
Фенофибратқа немесе препараттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық, анамнезінде фибраттармен немесе кетопрофенмен емдеу кезінде фотосенсибилизацияның немесе фотоуыттылығының болуы, ауыр гипертриглицеридемия салдарынан болатын жедел панкреатитті қоспағанда, созылмалы немесе жедел панкреатит.
Қауіпсіздік шаралары
Фенофибрат препаратымен емдеуді бастау алдында салдарлы гиперлипидемия (мысалы, бақыланбайтын 2 типті қант диабеті, гипотиреоз, нефротикалық синдром, диспротеинемия, бауырдың обструкциялық аурулары, дәрі-дәрмектермен емдеу салдары, алкоголизм) себебін жою үшін тиісті ем жүргізу қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Пероральді антикоагулянттар - антикоагулянтты әсерінің күшеюі, қан кетулер қаупінің артуы.Циклоспорин - қайтымды бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы. ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері және басқа да фибраттар - бұлшықеттік уыттылықтың даму қаупі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек дисфункциясы кезінде фенофибрат препаратының дозасы креатинин клиренсіне байланысты (мысалы, креатинин клиренсі 60 мл/мин тең болғанда күн сайын 200 мг дейін және креатинин клиренсі 20 мл/мин тең болғанда күн сайын 100 мг дейін) азайтылуы мүмкін.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ұзақ уақыт емдеу кезінде жүйелі түрде (мүмкіндігінше әрбір 3 ай сайын) бауыр трансаминазаларының белсенділігін (3 есе артқан жағдайда - фенофибратты қабылдауды тоқтату) бақылау қажет.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, ауырлығы орташа метеоризм, бауыр трансаминазалары белсенділігінің орташа жоғарылауы.Жиі емес: бас ауыруы, панкреатит, өтте тастардың түзілуі, бөртпе, қышыма, есекжем, жарыққа сезімталдық реакциялары, терең көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, қан сарысуында креатинин мен мочевина деңгейінің жоғарылауы.Сирек: алопеция, диффуздық миалгия, миозит, бұлшықет тарылуы және бұлшықет әлсіздігі, гемоглобин деңгейінің және лейкоциттер мөлшерінің азаюы, эректильді функцияның бұзылуы.Өте сирек: гепатит, рабдомиолиз, эритемамен ілеспелі фотосенсибилизация, күн сәулесі мен жасанды УФ-жарықтандыру әсерінен зақымданған тері аймақтарында күлдіреуіктердің немесе түйіндердің пайда болуы, интерстициальді пневмопатиялар.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.