A06AB08 Натрий пикосульфаты (Sodium picosulfate)

Қолдану көрсеткіштері

Келесі жағдайларда қысқа мерзімді қолдануға арналған:- гипотониямен және ішектің әлсіз перистальтикасымен байланысты функционалдық іш қатуларда;- проктиттер, геморррой, анальді сызаттарда;- диагностикалық зерттеулерге, хирургиялық операцияларға дайындау.

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық; ішек бітелісі; ағзаның айқын сусыздануы; асқазан-ішек жолдарының жедел қабыну аурулары, жүрек айнуы және құсумен, температураның жоғарылауымен жедел абдоминальді ауырулар; асқазан-ішек жолдарынан қан кету; туа біткен фруктозаны көтере алмаушылық.

Қауіпсіздік шаралары

Диагноз анықталмайынша күнделікті және/немесе ұзақ уақыт қабылдау гипокалиемия және су-электролиттік теңгерімнің бұзылуын туындатуы мүмкін. Қанда магний деңгейі жоғары, иммунитеті әлсіреген егде жастағы пациенттерге дәрігердің бақылауымен қабылдау. Жағымсыз әсерлері туындаған жағдайда автокөлік және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Глюкокортикостероидтар, диуретиктер - дозасын ұлғайтқан кезде электролиттік бұзылыстардың даму қаупі.Жүрек гликозидтері - оларға сезімталдығының жоғарылауы.Әсер ету спектрі кең антибиотиктер - натрий пикосульфатының іш жүргізетін әсерінің төмендеуі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дәрігердің бақылауымен қабылдау.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Сақтықпен және ана үшін пайдасы ұрық үшін қауіптен жоғары болатын жағдайда ғана қолдану.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: диарея.Жиі: іштің ауыруы, іштің түйілуі, іштегі жайсыздық.Жиі емес: жүректің айнуы, құсу, бас айналуы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Ішке, кешке ұйықтар алдында. 4 жасқа дейінгі балалар: ұсынылатын доза тәулігіне дене салмағының кг үшін 0,25 мг құрайды; 4-10 жас аралығындағы балалар: тәулігіне 2,5-5 мг (5-10 тамшы); 10 жастан асқан балалар: тәулігіне 5-10 мг (10-20 тамшы).