C09BA06 Хинаприл және Гидрохлоротиазид (Quinapril and hydrochlorothiazide)

Қолдану көрсеткіштері

Эссенциальді артериялық гипертензияда. Препарат монотерапияда артериялық гипертензия баламалы бақыланбаған пациенттерге көрсетілімде.
    Клинические протоколы:
  1. Артериальная гипертензия

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші заттарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне, тиазидтерге немесе  сульфаниламидтерге  (айқаспалы  реакциялар мүмкін) аса жоғары сезімталдық; туа біткен/идиопатиялық ангионевроздық ісіну немесе анамнезіндегі ангионевроздық ісіну (мысалы, бұрын АӨФ (ангиотензин-өзгертуші фермент) тежегіштерін қабылдау нәтижесінде); сакубитрилмен/валсартанмен біріктіргенде ангионевроздық ісінудің жоғары қаупімен байланысты; гемодинамикалық мәні бар аортальді, митральді стеноз немесе гипертрофиялық кардиомиопатия; декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі; алғашқы  гиперальдостеронизм; электролиттік алмасудың бұзылуы (гиперкальциемия, гипонатриемия, гипокалиемия); қант диабетімен пациенттерде, бүйрек функциясының бұзылуымен (ШСЖ < 60 мл/мин/1.73 м2) пациенттерде құрамында алискирен бар дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану; жоғары ағынды полиакрилонитрил-металлил-сульфонатты жарғақшалармен (мысалы, «AN 69») бір мезгілде қолдану; декстрансульфатпен төмен тығыздықты липопротеидтермен (ТТЛП) аферез кезінде; жәндіктердің уыттарына қатысты десенсибилизациялық ем кезінде; галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жетіспеушілігі немесе  глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы

Қауіпсіздік шаралары

Назар аударыңыз! Аса жоғары сезімталдық реакциялары анамнезінде аллергия немесе бронх демікпесі бар немесе анамнезінде ондайлар жоқ пациенттерде туындауы мүмкін. АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде ангионевроздық ісіну жағдайлары байқалды (емдеуді тоқтату, сәйкес ем жүргізу, ісіну қайтқанға дейін мұқият бақылау).  • Галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қабылдамау керек. • Препарат жедел миопияға және салдарлы жабықбұрышты глаукомаға әкелетін  идиосинкразиялық реакция туындатуы мүмкін. Жабықбұрышты  глаукоманың қауіп  факторлары  анамнезіндегі сульфаниламидті препараттарға немесе пенициллинге аллергия болып табылады. • Препаратты қолдану допингке тест жүргізгенде оң нәтиже беруі мүмкін. Допинг ретінде қолдану денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. • Репрезентациялық клиникалық және зертханалық-биохимиялық мәліметтерді тұрақты бақылаумен, пайда-қаупіне аса мұқият баға бергеннен кейін ғана, преепаратты келесі жағдайларда қолдануға болады: клиникалық мәні бар  протеинурия (тәулігіне 1 г аса); иммундық жауаптың бұзылуы немесе коллагеноздар (мысалы, жүйелі қызыл жегі, склеродермия);  қорғаныш механизмдерін басатын дәрілік препараттармен (мысалы, кортикостероидтар, цитостатиктер, антиметаболиттер), сондай-ақ аллопуринолмен, прокаинамидпен, литиймен, тырнақгүл гликозидтерімен, іш жүргізетіндермен қатар жүретін жүйелі ем; подагра;  гиповолемия; ми қантамырлары атеросклерозы; коронарлық артериялар атеросклерозы; манифестті немесе латентті қант диабеті; бауыр функциясының бұзылуы. • Емнің басында артериялық қысымды қатаң бақылауды және/немесе репрезентативті зертханалық параметрлерді  үнемі бақылауды міндетті түрде біріктіріп келесі ерекшеліктерімен  пациенттерде препаратты қабылдауға болады: бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттер (қан сарысуында  креатинин деңгейі  1,8 мг/дл дейін немесе креатинин клиренсі 30–60 мл/мин),  ауыр артериялық гипертензиямен пациенттер, 65 жастан асқан пациенттер. • Іркілісті жүрек жеткіліксіздігімен бірге бүйрек функциясының бұзылуымен немесе онсыз  артериялық гипертензияны бақылау үшін, АӨФ тежегіштерімен ем қабылдау артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуіне  әкелуі мүмкін (мұқият медициналық мониторингілеу). • Қант диабетімен ауыратын науқастарға сақ болу қажет (қандағы қант деңгейіне мониторинг,  калий препараттары, егер антидиабеттік препараттарды түзету қажет болса). • Монотерапияны  біріктірілген емге ауыстырғанда артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі мүмкін болғандықтан,  әсіресе ауыр артериялық гипертензиямен электролиттер және/немесе сұйықтықтардың (мысалы, алдыңғы несеп айдайтын емде құсу/диарея) тапшылығымен пациенттерде осындай пациенттерді 6 сағаттан кем емес уақыт бақылау керек. • Зертханалық параметрлерді емдеуді бастағанға дейін және емдеу кезінде ұдайы бақылап отыру керек. Қан сарысуындағы электролиттер, сарысу креатинині, қандағы қант деңгейлеріне және жалпы қан талдауы көрсеткіштеріне, әсіресе емдеудің басында және қауіп тобындағы пациенттерде (бүйрек функциясының бұзылуы, коллагеноздары бар пациенттер, иммунодепрессанттармен, цитостатиктермен, аллопуринолмен, прокаинамидпен, оймақгүл гликозидтерімен, глюкокортикоидтармен, іш жүргізгіштермен емделіп жүрген пациенттер және егде жастағы пациенттер) мұқият мониторинг жүргізу қажет. • Егер емдеу барысында температура жоғарылауы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы және/немесе тамақтың инфекциялық ауруы сияқты симптомдар туындаса, тез арада лейкоциттер санын анықтау қажет. • Көлік құралдарын басқарғанда немесе жоғары зейінді қоюды талап ететін басқа жұмыстарды жасағанда, әсіресе емнің басында, препарат дозасын жоғарылатқанда, препаратты ауыстырғанда, сондай-ақ алкогольмен біріктіргенде сақтық шараларын сақтау керек. Қолданар алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып шыққан жөн.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 • Сакубитрил/валсартан -   ангионевроздық ісіну қаупінің жоғарылауы, бір мезгілде қолдануға болмайды (осы препараттар арасындағы интервал 36 сағатты құрайды). • Қан сарысуындағы калий деңгейін арттыруы мүмкін дәрілік препараттарды қатарлас қабылдаған кезде сақтық таныту қажет. • Ас тұзы, анальгетиктер, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД, ЦОГ-2  - препараттың   гипертензияға қарсы әсерін төмендетеді. • Гипертензияға қарсы препараттар, нейролептиктер, имипрами -  гипертензияға қарсы әсерін күшейтеді. • Хирургиялық араласымдар/анестезия  - артериялық қысымның төмендеуін күшейтеді.  • Салицилаттардың жоғары дозалары -   салицилаттардың орталық жүйке жүйесіне уытты әсерін  күшейтеді. • Литий - бір мезгілде қолданғанда  литийдің кардиоуытты және нейроуыттты әсерлерін күшейтеді; жүйелі мониторинг қажет.  • Алкоголь, барбитураттар немесе есірткілер - гипертензияға қарсы әсері күшейеді; алкогольдің әсері күшейеді, ортостатикалық гипотензия артады. • Оймақгүл гликозидтері -  уыттану қаупін жоғарылатады.   • Пероральді диабетке қарсы дәрілер, инсулин - инсулинге сезімталдықтың жоғарылауы, жүйелі мониторинг қажет. • Катехоламиндер (мысалы, адреналин, норадреналин) -  әлсірететін әсер. • Калийуретикалық диуретиктер (мысалы, фуросемид), глюкокортикоидтар, АКТГ, карбеноксолон, амфотерицин В, пенициллин G, салицилаттар немесе іш жүргізетіндер -    калий және/немесе магнийді жоғалтудың күшеюі, жүйелі мониторинг қажет. • Холестирамин немесе колестипол - асқазан-ішек жолында  преепараттың сіңірілуінің төмендеуі. • Аллопуринол, цитостатиктер, иммунодепрессанттар, кортикостероидтарды жүйелі қолдану,  • Прокаинамид - қандағы лейкоциттер санының төмендеуі, лейкопения. • Цитостатиктер (мысалы, циклофосфамид, фторурацил, метотрексат) -  миелоуыттылықтың жоғарылауы. • Кураре тәрізді миорелаксанттар - препараттың миорелаксациялайтын әсерінің ұзаруы және күшеюі; анестезиологқа  емделіп жүргені жөнінде ескерту керек. • Метилдопа -  препаратқа антиденелердің түзілуіне байланысты гемолиздің жекелеген жағдайлары. • Тетрациклин және магниймен өзара әрекеттесетін басқа да дәрілік заттар -  бір мезгілде қолданғанда препараттың сіңірілуін төмендетеді. • Антацидтер - препараттың биотиімділігін  төмендетеді. • Калий, калий жинақтушы диуретиктер (спиронолактон, амилорид, триамтерен) және қан сарысуындағы калий концентрациясының жоғарылауын күшейтетін басқа дәрілік заттар (мысалы, гепарин) -  қан сарысуындағы калий концентрациясының елеулі жоғарылауы;  қан сарысуындағы калийдің жүйелі мониторингі қажет.  • mTOR жасушаларында рапамициннің нысана тежегіші (темсиролимус) немесе дипептидилпептидаза-4 ферментінің (ДПП-4) тежегіші (вилдаглиптин), БЭП  тежегіштері ( рацекадотрил) - бір мезгілде қабылдаған ангионевроздық ісінудің пайда болу қаупі жоғары болады. • Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің  (РААЖ) АӨФ тежегіштерін,  ангиотензин II рецепторларының  блокаторларын немесе алискиренді бір мезгілде қолдану жолымен жүзеге асатын  қосарлы блокадасы РААЖ-ға әсер ететін бір препаратты қолданумен салыстырғанда, артериялық гипотензия, гиперкалиемия (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса) сияқты жағымсыз құбылыстардың туындау жиілігінің артуымен қатар жүреді. • Алискирен - қант диабетімен немесе бүйрек  функциясының бұзылуымен  (креатинин клиренсі < 60 мл/мин/1,73 м2) пациенттерде  бір мезгілде қолдануға болмайды. • Подаграны емдеуге арналған дәрілік препараттар (аллопуринол, несеп қышқылының шығарылуына ықпал ететін дәрілер, ксантин-оксигеназа тежегіштері)  -  бір мезгілде қолданғанда   аса жоғары сезімталдық реакциясының жиілігі артуы мүмкін.Қолданар алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып шыққан жөн.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуында (креатининнің қан сарысуындағы  деңгейі  1,8 мг/дл жоғары немесе креатинин клиренсі  30 мл/мин төмен); диализдегі пациенттерге; бүйрек артериясының стенозында (екіжақты, немесе пациентте жалғыз бүйрек болған жағдайда); бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерге; анурияда қарсы көрсетілген.Қолданар алдында бүйрек функциясы тексерілуі тиіс. Бүйрек функциясы орташа бұзылған пациенттерге (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин) және егде жастағы пациенттерге (65 жастан асқандар) дозаны таңдау ерекше сақтықпен жүргізілуі керек (препараттың жекелей компоненттерін титрлеу).

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы (бауыр прекомасы/комасы) немесе бауырдың алғашқы ауруларында қарсы көрсетілген.АӨФ тежегіштерін қабылдау кезінде сарғаю немесе  бауыр ферменттерінің айтарлықтай жоғарылауы пайда болған пациенттерде препараттарды қабылдауды тоқтату және сәйкес медициналық оңалтудан өтуі керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: электрокардиограммадағы өзгерістер және жүрек аритмиясы.Жиі: вирустық инфекциялар, бронхит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, фарингит, ринит; гиперкалиемия, подагра ұстамасы, гиперурикемия; ұйқысыздық;  бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық, апатия, естен тану алдындағы жағдай; бас айналуы; стенокардия, тахикардия, жүрек қағуының жиілеуі; қантамырлардың кеңеюі;  тітіркендіретін құрғақ жөтел, жөтел; құсу, диарея, ас қорыту бұзылулары, іштің жоғарғы бөлігіндегі жайсыздық сезімі, іштің ауыруы, жүрек айнуы; арқаның ауыруы, бұлшықет ауырулары; бүйрек функциясының бұзылуы туындауы немесе нашарлауы мүмкін; қажу, астения, кеуденің ауыруы;  сарысудағы мочевина мен креатинин концентрациясының жоғарылауы, гемоглобин, гематокрит, лейкоциттер немесе тромбоциттер санының азаюы; сарысудағы натрий концентрациясының төмендеуі; гидрохлоротиазид гипокалиемияны, гипохлоремияны, гипомагниемияны, гиперкальциемия, глюкозурия және метаболизмдік алкалозды туғызуы мүмкінЖиі емес: несеп шығару жолдарының инфекциясы, синусит; анемия, лейкопения, нейтропения, эозинофилия; глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы; сананың шатасуы, депрессия, қатты қозу, көңіл-күйдің өзгерістері; транзиторлық ишемиялық шабуыл, естен тану, парестезия, дәм сезудің бұзылуы немесе уақытша дәм сезбей қалу, тепе-теңдіктің бұзылуы; амблиопия, көру жітілігінің төмендеуі; гидрохлоротиазидті қолданған кезде көз жасы сұйықтығының түзілуі бұзылуы мүмкін; құлақтағы шуыл; миокард инфарктісі;  әсіресе  емдеудің басында және су-тұз бұзылулары, ауыр артериялық гипертензиясы бар пациенттерде, сондай-ақ дозасын арттырған кезде: бас айналу, әлсіздік симптомдарымен жүретін гипотензия, көру бұзылулары; гидрохлоротиазидтің жоғары дозаларын пайдаланған кезде, әсіресе егде жастағы  пациенттерде немесе вена аурулары болса, қанның қоюлануына байланысты тромбоздар мен эмболиялар туындауы мүмкін; ентігу, тамақтың құрғауы;  метеоризм, ауыздың құрғауы, іштің қатуы, тәбеттің болмауы; жедел холецистит; экзантема, есекжем, қышыну сияқты терінің аллергиялық реакциялары, сондай-ақ уытты эпидермальді некролиз немесе ерінді, бетті және/немесе аяқ-қолдарды қамтитын ангионевроздық ісіну (аса сирек жағдайда көмейді, жұтқыншақты және/немесе тілді қамтитын), алопеция, фотосезімталдық, гипергидроз; артралгия, бұлшықеттердің құрысуы, қаңқа бұлшықеттерінің әлсіздігі, парездер; кейде бүйрек функциясының бұзылуымен қатар жүретін протеинурия; эректильді дисфункция; жайылған ісінулер, қызба, шеткері ісінулер.Сирек: гемолиздік анемия, тромбоцитопения; анафилактоидтық реакция; эозинофильдік пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының  ангионевроздық ісінумен жүретін обструкциясы; глоссит, панкреатит; гепатит; тері тарапынан болатын бұзылулар қызбамен, бұлшықеттердің және буындардың ауыруымен (миалгия, артралгия, артрит), васкулитпен, псориаз тәрізді дерматитпен, экссудативтік полиморфты эритемамен2,  Стивенс- Джонсон синдромымен, эксфолиативтік дерматитпен, күлбіреуікпен қатар жүруі мүмкін.Өте сирек: агранулоцитоз, панцитопения; апоплексия; бронх түйілуі, шөлдеу; жекелеген жағдайларда шок симптомдарымен жүретін өкпе ісінуінің күрт басталуы сипатталған; ішек бітелуі, ішек қабырғасының ангионевроздық ісінуі; холестаздық сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы; қан тебулер, қатты терлеу, онихолизис, Рейно симптомдарының күшеюі, қызыл жегінің терідегі формасыӨте жиі - электрокардиограммадағы өзгерістер және жүрек аритмиясы (егер гидрохлоротиазид қолданылған болса, гипокалиемиядан туындаған) Жиі - вирустық инфекциялар, бронхит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, фарингит2, ринит2- гиперкалиемия3, подагра ұстамасы2, гиперурикемия2- ұйқысыздық2 (ара-арасында су-электролит бұзылуларына байланысты)- бас айналуы2, бас ауыруы2, ұйқышылдық2, апатия, естен тану алдындағы жағдай (ішінара су-электролит бұзылуларына байланысты)- бас айналуы2- стенокардия3, тахикардия2, жүрек қағуының жиілеуі2- қантамырлардың кеңеюі2-  тітіркендіретін құрғақ жөтел, жөтел2- құсу2, диарея2, ас қорыту бұзылулары2, іштің жоғарғы бөлігіндегі жайсыздық сезімі, іштің ауыруы2, жүрек айнуы2- арқаның ауыруы2, бұлшықет ауырулары2- бүйрек функциясының бұзылуы туындауы немесе нашарлауы мүмкін2- қажу2, астения2 (ішінара су-электролит бұзылуларына байланысты), кеуденің ауыруы2-  сарысудағы мочевина1,2 мен креатинин2 концентрациясының жоғарылауы (әсіресе бүйрек  функциясының бұзылуы бар пациенттерде), гемоглобин, гематокрит2, лейкоциттер немесе тромбоциттер санының азаюы; сарысудағы натрий концентрациясының төмендеуі (әсіресе бүйрек  функциясының бұзылуы бар пациенттерде); гидрохлоротиазид гипокалиемияны, гипохлоремияны, гипомагниемияны, гиперкальциемия, глюкозурия және метаболизмдік алкалозды туғызуы мүмкінЖиі емес- несеп шығару жолдарының инфекциясы, синусит- анемия, лейкопения, нейтропения3, эозинофилия2 (әсіресе бүйрек  функциясының бұзылуы, коллагеноздық қантамыр аурулары бар немесе аллопуринолмен, прокаинамидпен немесе қорғаныс механизмдерін бәсеңдететін белгілі бір препараттармен қатарлас емделіп жүрген пациенттерде)- глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы- сананың шатасуы2, депрессия2, қатты қозу2, көңіл-күйдің өзгерістері (ішінара су-электролит бұзылуларына байланысты)- транзиторлық ишемиялық шабуыл2, естен тану2, парестезия2, дәм сезудің бұзылуы немесе уақытша дәм сезбей қалу (ішінара су-электролит бұзылуларына байланысты)2, тепе-теңдіктің бұзылуы- амблиопия2, көру жітілігінің төмендеуі2; гидрохлоротиазидті қолданған кезде көз жасы сұйықтығының түзілуі бұзылуы мүмкін- құлақтағы шуыл2- миокард инфарктісі2-  әсіресе Аккузидпен® емдеудің басында және су-тұз бұзылулары (мысалы, құсу/диарея, алдыңғы диуретиктермен емделу жағдайында), ауыр артериялық гипертензиясы бар пациенттерде, сондай-ақ Аккузидтің® дозасын арттырған кезде: бас айналу, әлсіздік симптомдарымен жүретін гипотензия2, көру бұзылулары; гидрохлоротиазидтің жоғары дозаларын пайдаланған кезде, әсіресе егде жастағы  пациенттерде немесе вена аурулары болса, қанның қоюлануына байланысты тромбоздар мен эмболиялар туындауы мүмкін; ентігу, тамақтың құрғауы;  метеоризм, ауыздың құрғауы, іштің қатуы, тәбеттің болмауы; жедел холецистит; экзантема, есекжем, қышыну сияқты терінің аллергиялық реакциялары, сондай-ақ уытты эпидермальді некролиз немесе ерінді, бетті және/немесе аяқ-қолдарды қамтитын ангионевроздық ісіну, алопеция, фотосезімталдық, гипергидроз; артралгия, бұлшықеттердің құрысуы, қаңқа бұлшықеттерінің әлсіздігі, парездер; кейде бүйрек функциясының бұзылуымен қатар жүретін протеинурия; эректильді дисфункция; жайылған ісінулер, қызба, шеткері ісінулер.Сирек: гемолиздік анемия, тромбоцитопения; анафилактоидтық реакция; эозинофильдік пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының  ангионевроздық ісінумен жүретін обструкциясы; глоссит, панкреатит; гепатит; тері тарапынан болатын бұзылулар қызбамен, бұлшықеттердің және буындардың ауыруымен (миалгия, артралгия, артрит), васкулитпен, псориаз тәрізді дерматитпен, экссудативтік полиморфты эритемамен,  Стивенс- Джонсон синдромымен, эксфолиативтік дерматитпен, күлбіреуікпен қатар жүруі мүмкін.Өте сирек:  агранулоцитоз, панцитопения; апоплексия; бронх түйілуі, шөлдеу; жекелеген жағдайларда шок симптомдарымен жүретін өкпе ісінуінің күрт басталуы сипатталған; ол гидрохлоротиазидке аллергиялық реакция деп шамаланады; ішек бітелуі, ішек қабырғасының ангионевроздық ісінуі; холестаздық сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы; қан тебулер, қатты терлеу, онихолизис, Рейно симптомдарының күшеюі, қызыл жегінің терідегі формасы.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.