C07AB12 Небиволол¹ (Nebivolol)

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (стандартты ем кезінде қосымша ем ретінде 70 жас және одан асқан егде жастағы пациенттерде орташа және тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу).
    Клинические протоколы:
  1. Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  2. Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
  3. Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
  4. Болезнь Фабри
  5. Диабетическая нефропатия
  6. Транзиторная ишемическая атака
  7. Артериальная гипертензия
  8. Ведение женщин фертильного возраста с пороками сердца, в том числе беременных
  9. Желудочковые нарушения ритма сердца и профилактика внезапной сердечной смерти
  10. ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
  11. Кардиогенный отек легких
  12. Миокардиты
  13. Хроническая сердечная недостаточность
  14. Криз отторжения почечного трансплантата
  15. Хроническая трансплантационная нефропатия
  16. Артериальная гипертензия у беременных

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа аса жоғары сезімталдық; синусты брадикардия (минутына 45-50 соққыдан кем), артериялық гипотензия; кардиогенді шок, синусты түйіннің әлсіздік синдромы; ІІ-ІІІ дәрежедегі AV блокада; жедел және емдеуге рефрактерлі ауыр жүрек жеткіліксіздігі; шеткері қанайналымының бұзылуы, синоатриальді блокада; бронх демікпесі, бронх түйілуі; метаболиттік ацидоз; феохромоцитома.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Қалқанша безінің гиперфункциясы, аллергиялық аурулар кезінде, псориаз, 65 жастан асқан адамдарға, қант диабетінде (гипогликемиялық препараттарды қолдану кезінде гипогликемия белгілері жасырылуы мүмкін) сақтықпен қолдану. Тоқтатуды біртіндеп, 10 күн ішінде жүргізу керек. Туа біткен галактозаны көтере алмаушылық кезінде қолданбау.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

І және III топ аритмияға қарсы препараттар - теріс инотропты әсерге және атриовентрикулярлы өткізгіштікке әсерінің күшеюі.Орталық әсерлі гипотензивті препараттар - жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауы.Құрамында галоген бар ұшқыш анестетиктер - гипотония даму қаупі.Антипсихотикалық және депрессияға қарсы препараттар - небивололдың гипотензивті әсерінің күшеюі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауыруы, бас айналуы, парестезия, диспноэ, іш қатуы, жүрек айнуы, диарея, шаршау, ісінулер.Жиі емес: қорқынышты түстер көру, депрессия, көрудің бұзылуы, брадикардия, жүрек жеткіліксіздігі, атриовентрикулярлы өткізгіштік баяулауы/АВ-блокада, гипотония, мезгіл-мезгіл ақсақтықтың нашарлауы, бронх түйілуі, диспепсия, метеоризм, құсу, қышыну, эритематозды сипаттағы тері бөртпесі, импотенция.Өте сирек: синкопе, псориаз ағымының асқынуы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді