C05AD03 Бензокаин (Benzocaine)

Қолдану көрсеткіштері

Сыртқы және ішкі геморройда; артқы өтістің жарылулары, эрозиясы және микрожарақаттарында; проктологиялық операция жасатқан пациенттерде операциядан кейінгі кезеңде; диагностикалық манипуляцияларды жүргізу кезінде ауыруды басу үшін; аноректальді аймақтың айқын ауыру синдромымен, қышынуымен, күйдіріп-ашытумен қатар жүретін басқа ауыруларда .

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;  тромбоэмболиялық ауру; гранулоцитопения

Қауіпсіздік шаралары

• Тік ішекке енгізу ауыруды туындатса пайдаланудың қажет жоқ.•  Емдеу курсының дүркінділігін (4 ретке дейін) және ұзақтығын арттыруға болмайды. • Құрамында бензокаин бар өнімдерді тағайындау метгемоглобинемияға әкелу мүмкіндігін көрсететін зерттеулер бар.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

МАО тежегіштерімен, антидепресанттармен немесе антигипертензивтік дәрілермен -МАО тежегіштері әсерінің азаюының немесе антигипертензивтік әсері артады, бірге тағайындау ұсынылмайды.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Сирек:  жанаспалы дерматит, терінің аллергиялық реакциялары (гиперемия, бөртпе, қышыну), жағу орнындағы жергілікті реакциялар; тері, ерін және тырнақ пластиналарының цианозымен, бас ауыруымен, бас айналумен, демікпемен, шаршаумен және тахикардиямен қатар жүретін метгемоглобинемия.

Балаларда қолданылуы

12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.