A02AF02 Магний гидроксиді және Алюминий гидроксиді (Ordinary salt combinations and antiflatulents)

Қолдану көрсеткіштері

Диспепсия, қыжыл, қышқылдың жоғарылауы, метеоризмнің (іштің кебуі, ішекте газ түзілудің артуы) симптоматикалық емі.
    Клинические протоколы:
  1. Острые вирусные гепатиты В, D и С у взрослых
  2. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  3. Гемолитическая анемия у детей
  4. Геморрагический васкулит у детей
  5. Синдром Жильбера
  6. Гемифациальный спазм
  7. Острый миелобластный лейкоз у детей (первичный)
  8. Невралгия тройничного нерва
  9. Опухоли основания черепа (хирургическое лечение)
  10. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися тошнотой и рвотой
  11. Хроническая болезнь почек у взрослых
  12. Хроническая болезнь почек у детей
  13. Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь
  14. Гастроэзофагеальный рефлюкс у детей. Другие болезни пищевода
  15. Функциональная диспепсия у детей
  16. Хронический гастрит
  17. Тяжелая черепно-мозговая травма
  18. Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки
  19. Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки без кровотечения и прободения (педиатрия)
  20. Краниосиностоз
  21. Врожденный буллезный эпидермолиз
  22. Гастропатии, индуцированные приемом нестероидных противовоспалительных препаратов
  23. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  24. Рак поджелудочной железы

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттерінің қандай да біріне жоғары сезімталдық; қатты жүдеу; глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы бар адамдарға.

Қауіпсіздік шаралары

Препараттың жоғары дозалары бүйрек қызметінің бұзылуы, алғашқы іш қатуы, ішек моторикасы бұзылуы бар пациенттерде, 0-24 айдағы балаларда немесе егде жастағы адамдарда ішек бітелуін және мықын ішектің бітелуін туындатуы немесе өршітуі мүмкін. Бүйрек қызметінің бұзылысы бар пациенттерге алюминий және магний тұздарының жоғары дозаларын ұзақ қолдану энцефалопатия, деменция, микроцитарлы анемия немесе диализдік остеомаляция асқынуына алып келуі мүмкін. Алюминий гидроксидін қолдану гемодиализ жасалатын порфириясы бар пациенттер үшін қауіпті болуы мүмкін (препаратты ұзақ қабылдауды болдырмау).

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Тетрациклин - асқазан-ішек жолдарында тетрациклин сіңірілуінің төмендеуі, бірге қолдануды болдырмау керек.H2-блокаторлар, атенолол, хлорохин, дифлунизал, дигоксин, бисфосфонаттар, этамбутол, фторхинолондар, натрий фториді, глюкокортикоидтар, индометацин, изониазид, кетоконазол, линкозамидтер, метопролол, фенотиазидті нейролептиктер, пеницилламин, пропранолол және темір тұздары - құрамында алюминий бар осындай антацидті дәрілік заттар сіңірілуінің төмендеуі. Препаратты қабылдар алдында кем дегенде 2 сағат (фторхинолондар үшін 4 сағат) аралықты сақтау қажет.Полистиролсульфонат (кайексалат) - калиймен байланысқанда шайыр тиімділігінің төмендеуі, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде метаболизмдік алкалоздың туындауы (алюминий гидроксиді және магний гидроксидіне байланысты), сондай-ақ ішек бітелуінің пайда болуы (алюминий гидроксидіне байланысты).Цитраттар - гипералюминиемия, әсіресе бүйрек қызметінің бұзылысы бар пациенттерде.Хинидин - қан сарысуындағы хинидин деңгейінің жоғарылауы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрлері (креатинин клиренсінің жылдамдығы минутына 30 мл кем) кезінде қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

 Бауыр жеткіліксіздігі қаупі бар болса, бауыр комасы кезінде қолдануды болдырмау.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Сақтықпен тағайындалады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес: диарея, іш қату.Жиілігі белгісіз: аса жоғары сезімталдық реакциялары, қышыну, есекжем, ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық реакциялар; гипермагниемия, гипералюминиемия, гипофосфатемия (төмен фосфатты диетадағы пациенттерде жоғары немесе әдеттегі дозаны ұзақ қабылдағанда және жасы 0-24 айлық балаларда), бұл сүйек резорбциясына, гиперкальциурия және остеомаляция күшеюіне алып келуі мүмкін.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

14 жасқа дейінгі және одан асқан балалар. Суспензия түрінде ішке. Дозаны емдеуші дәрігер белгілейді (әдетте ересектерге арналған доза). Ең жоғарғы тәуліктік доза тәулігіне 12 өлшем (6 қапшық) қасықтан аспауы керек. Ең жоғарғы тәуліктік дозаны 4 аптадан артық қабылдамау керек.