C03AA03 Гидрохлоротиазид¹ (Hydrochlorothiazide)
Қолдану көрсеткіштері
Монотерапиядағы артериялық гипертензия немесе гипертензияға қарсы препараттармен біріктірілімде. Шығу тегі әртүрлі ісіну синдромы. Қантсыз диабет.
-
Клинические протоколы:
- Дефект межжелудочковой перегородки
- Дефект межжелудочковой перегородки
- Дефект межжелудочковой перегородки
- Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Амилоидоз почек
- Болезнь Фабри
- Транзиторная ишемическая атака
- Артериальная гипертензия
- Артериальная гипертензия у детей и подростков
- Ведение женщин фертильного возраста с пороками сердца, в том числе беременных
- Кардиомиопатия у детей
- Миокардиты
- Миокардиты у детей
- Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
- Перикардиты
- Перикардиты у детей
- Перипортальная кардиомиопатия
- Фибрилляция и трепетание предсердий
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Хроническая болезнь почек у детей
- Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
- Хроническая сердечная недостаточность
- Хроническая сердечная недостаточность у детей
- Хронические ревматические болезни сердца у детей
- Синдром дуги аорты Такаясу у детей
- Системная красная волчанка
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Хронический нефритический синдром у детей
- Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Нарушения, развивающиеся в результате дисфункции почечных канальцев (педиатрия)
- Нефротический синдром
- Нефротический синдром у детей
- Острый нефритический синдром у детей
- Артериальная гипертензия у беременных
- Несахарный диабет у взрослых
- Гипопаратиреоз
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне және басқа сульфонамидтерге жоғары сезімталдық, анурия, емге төзімді гипокалиемия немесе гиперкальциемия, рефрактерлі гипонатриемия, симптоматикалық гиперурикемия (подагра), тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Қауіпсіздік шаралары
Су-электролиттік теңгерім бұзылыстарының клиникалық симптомдарын мұқият бақылау керек. Ауыр церебральдік және коронарлық склероз жағдайында препаратты тағайындауда аса сақтық таныту керек. Емдеу кезеңінде гиперурикемия және/немесе подагра даму қаупіне байланысты несеп қышқылының концентрациясын жүйелі бақылау қажет. Препаратты қолдану кезінде глюкозаға төзімділік дамуы, йод мөлшері мен кальцийдің ренальді экскрециясы төмендеуі, және холестерин мен триглицеридтер жоғарылауы мүмкін. Автокөлік немесе басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Алкоголь, барбитураттар, есірткілік заттар, антидепрессанттар - ортостатикалық гипотензияның күшеюі.Пероральді дәрілік заттар, инсулин - тиазидтермен емдеу кезінде глюкозаға төзімділіктің дамуына байланысты диабетке қарсы препараттар дозалануын өзгерту қажет болуы мүмкін.Метформин - лактоацидоз даму қаупіне байланысты, бірге САҚТЫҚПЕН қолдану.Гипертензияға қарсы заттар - гипотензивті әсерінің күшеюі.Литий - литий тұздарымен интоксикация қаупінің артуы.Циклофосфамид, метотрексат және басқа да цитоуытты заттар - олардың миелосупрессивтік әсерлерінің күшеюі және бүйректік клиренсінің төмендеуі.Циклоспорин - гиперурекемия және подагра түріндегі асқынулар даму қаупінің жоғарылауы.Оймақгүл гликозидтері - аритмиялар даму қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен болғанда қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметіне мониторинг жүргізу қажет. Сақтықпен қолдану, бауырішілік холестаз және бауырлық кома дамуы мүмкін. Ауыр бауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Ұсынылмайды, қолдану тәжірибесі жоқ. Плазма көлемінің азаюы және жатыр-плацентадағы қан айналымының бұзылу қаупін арттырады. Плаценталық бөгет арқылы өтеді. Жүктіліктің II және III-ші триместрлерінде қолданған кезде фетоплацентарлы қан ағымының бұзылуын, эмбриондық немесе неонатальді сарғаюды, электролит теңгерімінің бұзылуын және тромбоцитопенияны тудыруы мүмкін.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі емес: респираторлық дистресс-синдромы, соның ішінде пневмония және өкпенің ісінуі.Өте сирек: лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, гемолиздік анемия, апластикалық анемия.Жиілігі белгісіз: аритмия, ортостатикалық гипотензия, бас айналуы, бас ауыруы, құрысулар, парестезия, ашушаңдық, көңіл-күйдің өзгеруі, көрудің өткінші бұзылуы, сарғаю, панкреатит, холецистит, бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит, бұлшықеттердің түйілуі және ауыруы, анафилактикалық реакция. Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Ішке. Балаларға: орташа тәуліктік доза дене салмағына 1-2 мг/кг немесе бір реттік доза ретінде 30-60 мг/м² құрайды. 3 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: жалпы доза – күніне 37,5-100 мг. Қатты дәрілік түр 3 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.